Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 28 қыркүйегі - 5 қазаны

06.10.2020 • 04:28

Қымбатты дос!

Ұстазыңызға олардың кәсіби мерекесіне құтты болсын айтуды ұмытпа!

Алғашқы тәлімгерлеріңді құрметте, қадірін біл және жақсы көр! Оларға мықты денсаулық, табыс пен шыдамдылық тілейміз!

Ал енді әдеттегідей өткен аптада Орталық Азияда не болғаны туралы айтамыз.  

 

Білім

Қазақстанда педагогика мамандығында оқитын студенттер жоғары стипендия ала бастады. Мұндай шара болашақ мұғалімдерді қолдап-қолпаштау үшін қабылданды. Толығырақ.

Өзбекстан

Өзбекстанда онлайн мектептерде оқитын балалардың ата-анасын қашықтан білім алуға қажет жағдай жасауға мәжбүрлеп жатыр. Олар интернет қосуға тиіс, балаларына компьютер немесе ұялы телефон алып беруі керек. Бұл сегіз мемлекеттік орган қабылдаған шешімде және оның қосымшасында сипатталған. Ата-ана жауапкершілігі туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты оффлайн сабақ тоқтатылса, мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Ел депутаттары осындай ұсыныс туралы айтты. Қазақстанның білім беру саласында тағы қандай өзгерістер болатынын мына жерден оқуға болады.

Қоғам

Осы аптада Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Оған 16 партиядан үміткерлер қатысты. Сайлау туралы мына жерден толығырақ оқи аласыз.

1 қазаннан бастап Өзбекстанға "қолданыстағы карантин және санитар-гигиена талаптарын қатаң сақтай отырып" әуе, теміржол және автомобиль бақылау бекеттері арқылы кіруге рұқсат етілді. Карантиннің жұмсаруы мен жаңа талаптары туралы мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Еуропалық Одақ Өзбекстандағы COVID-19-ға тиімді, жедел және үйлестірілген реакцияны қолдау жобасына 2 миллион еуродан астам қаражат бөлді. Жобаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесі жүзеге асырады. Жоба бірінші кезекте медицина мекемелеріндегі науқастармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлері мен персоналдарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа жоба туралы мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Мәдениет

Будапеште Қырғыз Республикасы делегациясының қатысуымен әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімін  саябаққа беру рәсімі өтеді. Бішкек пен Будапешт арасындағы мәдени байланыс туралы мына жерден толығырақ біле аласыз.

Махмуджон Вохидов атындағы Тәжікстан мемлекеттік жастар театры Нью-Джерсиде өтетін АҚШ-тағы жыл сайынғы Voices-2020 (2020 дауыстары) екінші жыл сайынғы театрлар фестиваліне қатысады. Тәжік театры бұл фестивальге алғаш рет қатысқалы отыр. Фестиваль 15-25 қазан аралығында онлайн режимде көрсетіледі. Толығырақ.

IT

Түркіменстан президенті отандық смартфондарға есімдер берді және мемлекеттік қызметкерлерге оларды сатып алуды бұйырды. Түркімен телефоны және елдегі технологиялардың дамуы туралы мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Өшпенділік тілі

Бішкекте аймақаралық араздықты қоздырып, билікті күшпен басып алуға шақырған бес адам ұсталды. Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 30 қыркүйекте интернетте қоғамдық тәртіпті бұзу жоспарын талқылаған және билікті күшпен басып алуға шақырған видео тарай бастады. Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Материалдар Ішкі істер министрлігінің Бас басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы "Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру" бойынша тіркелген. Толығырақ.

Жалған ақпарат

Әлеуметтік желілерде және Telegram мессенджерінде гомосексуализмді насихаттауға қарсы күрес аясында елордада көгілдір түсті пайдалануға тыйым салуға қатысты Ташкент халық депутаттары кеңесінің (Өзбекстан) шешімі туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат жалған болып шықты. Толығырақ.

 

Бізбен бірге болғаныңа рахмет!

Аптаның жемісті және сәтті өтуіне тілектеспін!

Кездескенше!

 

P.S. Команданы қолдаъ! Лайк басып, Qlever ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.