Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 29.11 — 06.12.2021 ж.

15.12.2021 • 09:43

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің және Орталық Азиядағы көрші елдерде нендей жаңалық болғанын білейік.

 

Білім

Тәжікстандағы ауған босқындары балаларына арналған жалғыз «Сомониён» мектебі Кабулдағы билік ауысқаннан кейін мемлекеттік қолдаусыз қалған еді. Енді АҚШ елшілігі мен «Spirit of America» ұйымының арқасында мектеп әрі қарай жұмыс істейтін болды.

«Spirit of America» азаматтық ұйымы Душанбедегі АҚШ елшілігімен бірлесе отырып, 2 желтоқсанда «Сомониён» мектебі есігі Ауғанстаннан келген босқындар үшін әрі қарай да ашық болатын қаржылық міндеттеме туралы жариялады, делінген америкалық дипломатиялық өкілдік сайтында.

«Spirit of America» ұйымы мектептің алдағы 12 айда жұмыс істеп тұруы үшін 80 000 доллардан астам инвестиция құйып, босқын балаларды оқытудың шұғыл қажеттігін қанағаттандырады. Атап айтқанда, ұйым жалдау ақысын, оқушыларды тасымалдау транспортын, жиһаздар, кішігірім жөндеу жұмыстарын және интернетке қосылу шығынын өтейді. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 3 желтоқсанда атап өтілетін Мүгедектердің халықаралық күніне орай халыққа үндеу жолдады. Үндеуде Өзбекстанда мүгедектігі бар жандар өзін қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінуі үшін қосымша жағдай жасауға бағытталған арнайы бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылатыны айтылған. Бұл бағдарламаның мәні мен мазмұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі, ондағы басты міндет мүгедектікті белгілеуде медициналық әдістен әлеуметтік тәсілге көшу болатынын айтты мемлекет басшысы. Толығырақ.

 

Әлеумет

Бішкек әкімдігі қалдықтарды жерасты сақтау және жинау бойынша пилот жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды муниципалитет баспасөз қызметі. Заманауи технологияларды енгізу қалдықтарды жинап, сақтаудың жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді. Әкім осы тәсіл арқасында қала көшелері эстетикалық келбетке ие болатынын айтады. Толығырақ.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бес түрлі өнімнің бағасы төмендеді. Қарашада қабылданған шаралар есебінен азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны жылдық мәнде 0,4 пайыздық тармаққа 0,9%-ға дейін, ал жалпы инфляция 0,2 пайыздық тармаққа 8,7%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР премьер-Министрінің сайты. Толығырақ.

1 желтоқсанда Ташкентте балаларды мектепке қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін зерттеу нәтижесін қоғамдық талқылау өтті. Ол «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы «Аймақтық диалог» үкіметтік емес ұйымымен (Словения) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен серіктестікте жүзеге асырып жатқан «Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы зертханаларды ашу» жобасы аясында өтті, деп хабарлайды «Юксалиш» сайты. 2020 жылғы желтоқсанда басталған жобаның мақсаты – сараптамалық зертханалар ашып, ел аумағында сыбайлас жемқорлық қауіптерін зерттеу. Бірінші кезеңдегі сұрақ қою, соның ішінде сауалнамалар мен сұхбаттар балалардың бастауыш мектепке бару кезіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін бағалауға бағытталған. Толығырақ.

 

Технология

«АйТиЭс Текноложиз» IT-компаниясы Сорос-Қырғызстан қоры қолдауымен «Азаматтық технологияларды дамытуға бағытталған жобаларды қолдаудың инновациялық қоры» байқауы аясында «Халық арқылы деректерді цифрландыру» ақпараттық жүйесін әзірлеп, мүгедектігі бар жандарды жұмысқа тартты.

Компьютерлер жұмыстың ажырамас бөлігі болғалы қашан, олар жұмыс процесін жақсартады. Дегенмен кейбір ұйымға ақпараттық технологиялар кеңінен тарағанға дейін қолданылған қағаз құжаттармен жұмыс істеу қажет.Сканерлеу қағаз құжатын цифрлық пішінге ауыстырады, бірақ құжаттың мазмұнын білуге ​​және кілт сөздерді іздеуге мүмкіндік бермейді. Тәжірибеде құжатты іздеу бұрынғыдай жүзеге асады – әр файл операторы қаралады, бұған көп уақыт кетеді. Толығырақ.

Түркіменстандағы интернет әлемдегі ең баяу желінің бірі екені бұған дейін де белгілі еді. Британдық Cable.co.uk басылымы мамандары мұны тағы растап қана қоймай, түркімен интернетінің әлемдегі ең баяу екенін анықтады.

2021 жылғы 30 маусымға дейін 12 ай ішінде жүргізілген салыстырмалы талдау Түркіменстанның интернет жылдамдығы бойынша әлемде соңғы орында ғана емес, соңғы бестікке енген елдерден де артта қалғанын көрсетті. Телекоммуникация провайдерлерін салыстыруға мамандандырылған британдық Cable.co.ukбасылымы мамандары әлемнің 224 елінде және аумағында 1,1 миллиардтан астам сынақ жүргізген. Толығырақ.

Сол жарияланған есеп бойынша, Тәжікстанда 5 гигабайттық файл орта есеппен 1,82 Мбит/с жылдамдықпен жүктеледі. Бұл көрсеткіш бойынша мемлекет 224 ел ішінде 211-орында тұр. Толығырақ.

Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті арнайы «Сохибкор» (Sohibkor) мобайл қолданбасын іске қосты.

Қолданба Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы қолдауымен Ресей үкіметі қаржыландыратын «Жастар бизнес пен инновация үшін» жобасы аясында әзірленгенін ведомство «Азия-Плюс» агенттігіне хабарлады. Толығырақ.

Zypl.ai жасанды интеллект академиясының негізін қалаушы Азизжон Азими CABAR.asia сайтына берген эксклюзив сұхбатында Орталық Азиядағы AI-ды дамыту проблемалары, оны әртүрлі салаларда, атап айтқанда, мемлекеттік басқаруда қолдану перспективалары туралы әңгімелейді. Толығырақ.

  

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.