Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 2-9 қарашасы

10.11.2020 • 08:03

Сәлем!

Күзгі демалыста рахаттанып жүргеніңе және Qlever ойнап жатқаныңа сенімдімін.

Сен ойнап жатқанда саған Ортылақ Азия елдерінің ең маңызды жаңалықтарын айтып берейін.

 

Білім

Түркіменстанда жоғары сынып оқушылары мен орта мектеп мұғалімдерімен кездесулер өтіп жатыр. Велаят білім бөлімі мен әйелдер одағы ұйымдастырған бұл кездесулерде әйелдер мен қыздардың мінез-құлық нормалары және сырт келбеті талқыланады. Оған қоса, жиналысқа қатысушыларға мектеп бітірмей жатып жүкті боп қалған қыздар мектептен шығарылатыны туралы ескертіліп жатыр. Толығырақ сілтеме бойынша.

Ресейдің Ашхабадтағы елшілігі орыс тілінен тегін онлайн курстар жариялады. Елшілік сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Сібірдегі орыс тілінде ашық білім беру орталығы шетел азаматтарын 20 қарашадан 15 желтоқсанға дейін тегін онлайн орыс тілі курсына шақырады. Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Шетел университеттерінде оқитын, коронавирус өршуіне байланысты сабаққа бара алмай жүрген тәжік жастарын елдегі қашықтан білім алуға мүмкіндік беретін жағдайлар алаңдатады. Жастар интернеттің баяу жылдамдығына, қымбатшылыққа және электр қуатының өшіп қала беретініне шағымданады, бұларды қашықтан білім алуға үлкен кедергі деп есептейді. Толығырақ мына жерде.

Тәжікстандағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан өзбек студенттеріне елге Сурхандария облысының Сарыаси ауданындағы шекара посты арқылы кіруге рұқсат етілді. Қандай жағдайда шекарадан өтуге болатыны және қандай жағдайда Тәжікстанға кіргізбейтіні туралы мына жерден оқуға болады.

2021/2022 оқу жылынан бастап Өзбекстан мектептерінде жаңа міндетті пән жаратылыстану ғылымдарын (Science) енгізу жоспарланып отыр. Жаңа пән қоршаған әлем, табиғаттану, биология, география, химия, физика сияқты пәндерді біріктіреді. Алғашқы екі пән 1-2-сыныптардан бастап оқытылады, қалғандары 6-сыныптан басталады. Толығырақ мына жерде.

Бішкектегі оқушылар жаңа жылдан кейін мектепке орала алады. Бұл туралы Қырғызстан астанасы вице-мэрі қалалық кеңестің регламенттер, этика, құқықтық мәселелер және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мәлімдеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

Алматы мен Нұр-Сұлтанның алты оқушысы кірген Қазақстан құрамасы Балқан математикалық олимпиадасына қатысты. Олардың әрқайсы медаль жеңіп алды. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Әлеумет

Күніне 10 мың қадам жүрген өзбекстандықтарға 3 мың сум ($0,3) төленеді. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің өткен жұмада қол қойылған "Салауатты өмір салтын кеңінен енгізу және бұқаралық спортты одан әрі дамыту шаралары туралы" жарлығында көрсетілген. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

IT

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар полицияға мобайл қосымша арқылы хабарласа алады. Қазақстан полициясы шағымдарға арналған мобайл қосымша енгізеді, балаларды қадағалау жүйесін іске қосады, саябақтарда дабыл түймесі бар құрылғылар орнатады. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Экология

Тәжікстанда экологтар мен бизнес өкілдері пластиктің қолданылуын шектеу және оны біртіндеп жою мәселесін талқылап жатыр. Оған қоса, мамандар мен кәсіпкерлер қазіргі жағдайда қалдықты қайта өңдеу тиімділігіне назар аудартады. Толығырақ мына жерде.

Осы жаз соңында Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан журналистері "Ағаш лобби. Жасыл қаһармандар" деп аталатын медиажоба әзірледі. Қазір подкасттар, видео сұхбаттар, инфографика және интерактив тақырыптық куиз дайындалып жатыр. Қыздар көпшіліктің назарын жасыл желектер проблемасына аударғысы келеді және барлығына мәселенің тек жекелеген қалалардың микроклиматы үшін емес, сонымен қатар қоршаған орта үшін маңызы туралы айтқысы келеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Пандемия

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын сынақтан өткізуге 5 мың адам қатысады. Бұл туралы Инновациялық даму министрлігінің басқарма бастығы Феруза Ходжаева айтты. Оның айтуынша, Қытай ғылым академиясының Микробиология институты мен министрлік арасында Өзбекстанда вакцина сынақтарының үшінші кезеңін өткізу туралы келісім жасалды. Толығырақ.

Жыл басынан бері Тәжікстанға 58 елден гуманитарлық көмек келіп түсті. Донор елдер Тәжікстанға азық-түлікпен ғана емес, сонымен бірге өмірлік маңызды медициналық құралдармен де көмектесті. Тәжікстанға  пандемия кезінде алғашқылардың бірі болып Тәжікстандағы ЮНИСЕФ-тің техникалық қолдауымен Еуропалық Одақ ұйымдастырған гуманитарлық көмек жетті. Енді ЕО мен ЮНИСЕФ Тәжікстандағы коронавируспен күресу үшін бірікті. Толығырақ сілтеме бойынша.

Қырғызстанда БҰҰДБ мобильді топтары туберкулезбен немесе АИТВ-мен ауыратын науқастарға медициналық қызмет көрсетеді. Бұл туралы ұйым хабарлады. Бұл шара пандемия кезінде қырғыз халқын қолдау мақсатында қабылданды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Жақсы демал!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.