Сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар дайджесін ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Қазақстандық мектеп оқушылары ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн тестілеуден өте алады. Толығырақ.
Адам құқықтары
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) журналист Абдулло Гурбатиге қатысты шығарылған үкімді қатаң айыптады. CPJ-тің Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі Гүлноза Саид комитеттің бұл үкімді қатаң әрі әділетсіз деп санайтынын айтты. Толығырақ.
Первомайский аудандық соты (Қырғызстан) Бішкекте тұратын әйелді Twitter-де этникалық белгілері бойынша қорлайтын сөздері бар жазбасы үшін бір жылға бас бостандығынан айырды. Оның адвокаты Арстан Эрматов Kaktus.media редакциясына сот үкімі бойынша жоғары тұрған орган - Бішкек қалалық сотына шағым түсіргенін айтты. Толығырақ.
Түркіменстанда әйелдерге бақылау әлі де күшейіп жатыр. Бұл жолы елдегі әйелдер қауымына өзін қалай ұстау керек екені айтылды. «Бейтарап Түркіменстан» деген елдің орталық басылымы әйелдерге күйеуін «құрметтеуге» нұсқау беретін дәстүрлі сөйлеу этикеті туралы мақала жариялады. Мақалада күйеуі әйелінің алдында және әкесі бар балалар өзін қалай ұстауы керек екені жайлы ұсыныстар жазылған. Толығырақ.
Түркіменстанда бұғатталған IP-адрес саны 1,2 миллиардқа жетті. Бұл компьютер желісіндегі әлемдегі бірегей сандық құрылғы идентификаторларының үштен біріне тең. Толығырақ.
Әлеумет
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) гендерлік зорлық-зомбылықты бастан өткерген немесе сондай қауіп төніп тұрған 1000-ға жуық ауыл әйелдері үшін кәсіби және кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасын бастады. Толығырақ.
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) мен Ага Хан қоры (AKF) «Тәжікстанның гүлденуі» бірлескен жобасы аясында Кабодиён және Шахритус аудандарында екі ауылға екі жаңа ауыз су жүйесі мен мектеп дәретханасын пайдалануға берді. Ауыз су жүйелері 10 000-нан астам үй шаруашылығын таза және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ал жаңа дәретханалар 1500-ден астам мектеп оқушысы мен мұғалімін жақсартылған санитарияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ.
Қазақстан мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» жалпыұлттық акциясы аясында тауларды тазартуға арналған экологиялық сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қоғамдық ұйым өкілдері, азаматтық белсенділер мен еріктілер қосылды. Алматылық студенттер де Eco Student KZ республикалық жобасын қолдады. Толығырақ.
ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға барып жатқан SMS-хабарламалар туралы айтып, хабар ескертпе сипатында екенін түсіндірді. Хабар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға жіберіліп жатыр. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!
Дайджесті дайындауға Алмабек Ибрайымов көмектесті