Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Дүниежүзілік гимназия-2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 50 білім грантын иеленді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.
Адам құқықтары
Қырғызстанда Жогорку Кенеш отырысында депутат Жусупбек Қоргонбай табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау вице-министрі Айша Қарпаева әйел болғандықтан, оның құзыретіне күмән келтірді, деп хабарлайды 24.kg. Толығырақ.
Бішкекте «Қырғыз Республикасы саясатындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» зерттеуінің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Зерттеу барысында тәуекелге бел буып, саясатқа барған әйелдер қосымша қиындықтарға, кедергілерге және зорлық-зомбылықтың барлық түріне, соның ішінде өзіне қарсы зорлық-зомбылыққа тап болатыны анықталды. Толығырақ.
Жазғы демалыс – балалардың сабақтан үзіліс алып, көше кезіп бос жүріп қана қоймай, денсаулығын нығайтып, жаңа дағдыларды меңгеретін уақыты. Біз балаларға арналған жазғы лагерьлер және олардың ерекшеліктері туралы пайдалы ақпарат жинадық. Толығырақ.
Журналистер мен блогерлер Тәжікстандағы феминизм туралы не айтып жүр? Толығырақ.
Түркіменстанда 1 маусым Балаларды қорғау күнінде балаларды күштеп тартып, жаппай шаралар өткізілді. Дәл сол күні таңертең Мэри уелаятының әкімшілік орталығында алдағы Дүниежүзілік велосипед күніне орайластырылған жаппай велошеру өтті. Бұл шараға бюджет қызметкерлері қатысуға мәжбүр болды. Бұл туралы аймақтағы Азатлық радиосы тілшісі хабарлайды. Толығырақ.
Зерттеуші журналист Болот Теміров жетекшілік ететін «Нью Медиа» қоғамдық қоры (Қырғызстан) World Justice Challenge 2022 халықаралық байқауының финалистерінің бірі болды. Бұл туралы Теміров Facebook-парақшасында жазды. Толығырақ.
Әлеумет
Жақын болашақта азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты әлемдік алаңдаушылық жағдайында Түркіменстандағы бидай жинау үкіметтің қатаң бақылауына алынды. Тежен және Бабадайхан этраптарының диқандары биыл бидайдың «бір де бір дәнін» өзінде қалдыруға рұқсат етілмегенін айтады. Толығырақ.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы фонтандарда не себепті шомылуға болмайтынын айтты. Біріншіден, фонтан суы сирек жаңартылады, сондықтан вирустық және паразиттік аурулар жұқтыру қаупі үлкен. Толығырақ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда жұмыс істейтін онлайн-платформалар басшыларымен кездесті. Кездесуде интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын реттеу тәсілдері қарастырылды, деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі. Талқылауға Naimi.kz, Quick Work, Яндекс.Такси, Kolesa group, Glovo.kz, Chocofood, Aviata, Chocotravel және Wolt өкілдері қатысты. Толығырақ.
2022 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қырғызстанда 18 жасқа дейінгі 2 миллион 555 мың бала бар, оның жартысынан көбі (51%) – ер балалар. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика комитеті беріп отыр. Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың басымен салыстырғанда балалар саны 43 мыңға немесе 1,7%-ке артқан. Толығырақ.
2019 жылы Қырғызстанда қысқа мерзімді шағын несие қызметтері пайда болды. Қарапайым әрі сенімді болғандықтан, олар халық арасында тез танымал болды. Он мыңдаған адам «жалақыға дейін» аз мөлшерде ақша алып, соның арқасында ғана күн көрді. Алайда 2021 жылы Жогорку Кенеш депутаттары Азаматтық кодекске түзетулер енгізіп, шағын несие беретін компаниялар қызметіне тыйым салды. Мұның нақты себептері түсіндірілмеді, ал шағын несие нарығы көлеңкеде қалды. Толығырақ.
1 маусым бүкіл әлемде Балаларды қорғаудың халықаралық күні ретінде тойланады. Бұл күн ересектерге баланың құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғау қажет екенін еске салады. Осы күнге орай, Kaktus.media редакциясы Қырғызстандағы балалар туралы жеті маңызды дерек пен факт жинады. Толығырақ.
Ташкентте бюджеттік нан бағасы айтарлықтай қымбаттады. Күні кеше «бөлкенан» деп аталатын нанның бағасы 1600 сум болса, бүгінде баға 2800 сумға дейін өсті. Толығырақ.
Технология
Адам ағзасына орнатылған құрылғылар болашақ 6G ұялы байланыс стандартының гипотетикалық таралуына дейін смартфондарды алмастыра бастайды. Мұндай болжамды Nokia компаниясының бас директоры Пекка Лундмарк Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда айтты, деп хабарлайды CNBC. Лундмарктың айтуынша, 2030 жылы 6G байланысы коммерциялық түрде енгізіле бастайды. Толығырақ.
27 мамырда АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) Қарақалпақстан Республикасындағы ауыл әйелдері мен қыздары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша «IT Women – Karakalpakstan» кешенді оқыту бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама бойынша әйелдерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің кең ауқымын пайдалануға және өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретін негізгі АКТ дағдыларын оқытады. Толығырақ.
Тәжікстандағы онлайн-платформалардың шағын талдауы елде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер өздеріне қажет қызметтерді таба алатын бірыңғай жұмыс жүйесі жоқ екенін көрсетті. «Бизнес мектебі» БҰҰДБ-мен бірлесіп бұл мәселені шешуге тырысып жатыр – олар бос жұмыс орындары, түйіндемелер жарияланатын және жұмыс іздеу бойынша тікелей диалог өтетін портал құруға бастамашы болды. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!