Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 30 қараша - 7 желтоқсан, 2020 ж.

08.12.2020 • 04:46

Сәлем!

Қыстың алғашқы аптасы білінбей зу ете қалды! Ал сен аққала жасап үлгердің бе? Үлгермесең, тұп-тура бүгін жаса да, әлеуметтік желілерде #qleverzima хештегімен жарияла. Асыға күтеміз!

Жаңа апта басталды, демек Орталық Азия елдерінде жаңа оқиғалар болды. Қане, қарап көрейік.

Әлеумет

Түркіменстанның мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері тағы да ақша жинайды. Бұл жолы «табиғатты сақтап, қорғау» үшін. Экономика шиеленіскен қазіргі кезде және халықтың материалдық жағдайы едәуір нашарлаған тұста «бопсалау» жиілеп кетті. Толығырақ сілтеме бойынша.

Түркіменстанда оқушылар арасында COVID-19 ауруы көбейді. Азатлык тілшілері Ашхабадтағы нақты ауырғандар туралы хабарлайды. Кейбір баланы ауруханаға тура мектептен алып кетіп жатыр. Сонымен қатар, көпшілігі халық еміне жүгіруді жалғастырып жатыр, бүгінде ең танымалы – «иттің майы және адыраспан». Толығырақ мына жерде.

Экология

Өзбекстанда ағаштарды заңсыз кескен адамға салынатын айыппұл екі есе артты. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Білім

4 мыңнан астам Қырғызстан азаматы Coursera-да тегін курстардан өтеді. Бұл туралы БҰҰДБ хабарлады. Ұйымның хабарлауынша, бағдарлама коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, жұмыстан шығарылғандарға, жұмыс табуда қиындыққа тап болғандарға немесе қайта орналасқысы келетіндерге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға тегін кәсіби сертификаттар беріледі. Толығырақ мына жерде.

Қырғызстанда 6-11-класс оқушыларына арналған республикалық математика олимпиадасы өтеді. Толығырақ мына жерде.

Үкімет қаулысымен Ташкентте  Жапонияның Цифрлық университеті құрылды. Университет негізгі міндеттерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу, ақпараттық жүйелер мен компьютерлік желілерді басқару және экономиканың басқа да салаларында жоғары білімді бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау. Толығырақ сілтеме бойынша.

IT және желідегі қауіпсіздік

Алаяқтар қазақстандықтарды ақысыз интернет-трафикпен алдап түсіріп жатыр. Қолданушыларға тұрғылықты жері 200 гигабайт тегін интернет-трафик алуға құқығы бар қалалардың тізімінде бар-жоғын «тексеру» ұсынылады. Осыдан кейін бонус алу үшін телефон нөмірін енгізу керек. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Қырғызстанда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мобильді қосымшалар сериясы жасалды. Бұл туралы БҰҰДБ хабарлады. Ұйымның хабарлауынша, онда жаңа сөздерді оңай және ыңғайлы түрде білуге ​​мүмкіндік беретін бірнеше шағын ойын бар. Барлық қосымша есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі мамандар басшылығымен әзірленген. Толығырақ мына жерде.

@fingramtj тәжік Telegram каналы дамуға, мотивацияға, дайын бизнес-идеяларға, табысты адамдар мен компаниялар тарихын, қаржылық сауат бойынша конкурстар мен іс-шараларға, аналитикалық мәліметтерге, зерттеулерге, графиктерге, кестелер мен диаграммаларға арналған ақпарат жариялайды, сонымен қатар қаржылық сауат туралы, бюджет пен бизнесті жүргізу, сақтау және инвестициялау жайында қарапайым кеңестер және басқа да көптеген ақпаратқа қатысты пайдалы ұсыныстар жазады. Толығырақ.

Душанбедегі бес мектепте eDonish онлайн бағдарламасы тестілік режимде іске қосылды, деп хабарлайды «Ақылды қала (Smart City)». EDonish – бұл мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға арналған веб-мобильді қосымшадан тұратын бағдарламалық кешен. Бағдарламалық кешен бастауыш, орта және жоғары оқу орындарындағы оқу процесін басқаруға арналған. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге екенің рақмет!

Апта сәтті өтсін!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever  ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.