Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 31.05. - 07.06.2021 ж.

08.06.2021 • 13:02

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің елде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Тәжікстанда жалпы білім беретін мекемелердің 1-класындағы сабақтар 2021 жылдың 3 маусымында аяқталды, ал 2-11 (12)-кластарда, ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, бүгін, яғни 2021 жылдың 7 маусымында бітті. Биылғы оқу жылы не себепті әдеттегі оқу жылдарынан ұзақ болғанын мына жерден оқи аласыз.

Үкімет «Жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық демалыс беру тәртібі туралы» ереже бекіткен қаулы жариялады. Ереже бойынша, Өзбекстанның жоғары оқу орындары студенттері академиялық демалыс кезеңінде оқуын сырттай, онлайн немесе экстерн түрінде жалғастыра алады. Толығырақ.

Түркіменстанда жалғасып жатқан экономикалық дағдарыс пен кеңінен таралған жұмыссыздық жағдайында елдегі баға, соның ішінде жоғары оқу орындарына түсу үшін пара беру көлемі өсіп келеді. Азатлық тілшілері айтуынша, Түркіменстанның жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарына түсу үшін пара доллармен беріледі. Валютаға деген сұраныс шетел валютасы құнына әсер етеді. Толығырақ.

Мектеп кітапханашыларын Қырғызстанның жалпы білім беру ұйымдарында кітап қорын түгендеуге үйрету науқаны басталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

Ертең Қалый Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясында «Фортепиано» номинациясы бойынша «Жаңы муун» Бірінші Республикалық жас орындаушылар байқауының ашылуы өтеді. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады. Толығырақ.

Тәжікстанның Ұлттық тестілеу орталығы екінші жыл қатарынан оқуға түсерде ең жоғары ұпай жинаған студенттерге сыйлық беріп жатыр. Биыл алғашқы ондыққа 14 адам кірді, оның көпшілігі – қыздар. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

31 мамырда Түркіменстанның Мары қаласындағы Бақтыярлық (Счатье) саябағында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орайластырылған шара өтті. Оған оқушылар мен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиеленушілері мен қалалық үйірмелер балалары күштеп қатыстырылды. Бұқаралық іс-шара Түркіменстанда ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілген күндері күн астында болды. Балаларды қорғаудың халықаралық күні 1 маусымда атап өтіледі. Толығырақ.

 

Жануарлар құқығы

Пленар отырыста Өзбекстан Сенаты Қылмыстық кодекске жануарларға көрсетілген қатыгездік туралы бап енгізуді мақұлдады. Толығырақ.

 

Әлеумет

4 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған қосымша шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Осы құжат бойынша, 1 шілдеден бастап Өзбекстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейтіледі. Толығырақ.

Ондаған түркімен студенттері Өзбекстан мен Түркіменстан шекарасынан өту кезінде қиындыққа тап болды. Көрші елде оқитын Түркіменстан азаматтары өз еліне елдің шығысында орналасқан Лебап уелаятындағы Фараб шекара пункті арқылы оралуға тырысып жатыр. Шекарада не болып жатқаны туралы Өзбекстан мен Түркіменстандағы Азатлық тілшілері мен дереккөздері тікелей хабарлап жатыр. Толығырақ.

Қазақстанда ҮЕҰ өкілдеріне арналған үш айлық оқу курсы өтеді. «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі «ҮЕҰ академиясы» жобасы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар үшін онлайн-тренингілер форматында оқыту курсын бастайтынын хабарлады. Толығырақ.

Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы жанынан «Мигранттарға арналған еңбек биржасы» ЖШС құрылды. «Мигранттарға арналған еңбек биржасын» құрудағы мақсат – кәсіподақтардың жарғы мақсатын жүзеге асыруды кеңейту», – дейді Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы төрағасы Маликшо Неъматзода. Федерация кәсіподақтардың салалық ұйымдарымен бірге көші-қон саласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің кәсіподақтарымен ынтымақтастықта болатыны  айтылды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолды! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.