Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 4 шілде – 11 шілде, 2022 жыл

12.07.2022 • 13:48

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Тәжікстанның Білім министрлігі жергілікті билікті мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырмай отыр деп сынады. Бұл туралы министрліктің 6 айдағы қызметі қорытындысы бойынша өткен жиында айтылды. Толығырақ.

Жапония Өзбекстандағы мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға 2,76 миллион доллар бөлді. Өзбекстанның жоғары және орта арнаулы білім министрі Абдукодир Тошкулов пен Жапония елшісі Ёсинори Фудзияма «Кадрларды даярлау үшін шәкіртақы беру» жобасы бойынша алмасу ноталарына қол қойды, деп жазады «Газета.uz» Жапония елшілігіне сілтеме жасап. Толығырақ.

Қазақстанда үш ауысымды мектептер көбейіп жатыр. Асхат Аймағамбетов жергілікті билік органдарын сынға алды. Ол шенеуніктерге мектеп салу республикалық емес, жергілікті бюджеттің құзырында екенін еске салды. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Өзбекстан Сенаты халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы заңды қарайды. 5 шілдеде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің отырысы болып, онда Сенаттың жиырма сегізінші пленар отырысын 8 шілдеде шақыру туралы қаулы қабылданды. Бұл туралы парламенттің жоғарғы палатасы баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

«За права женщин и детей» қозғалысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың олардың үндеуіне берген жауабына көңілі толмай отыр. «Өкінішке қарай, елдегі әйелдер мен балаларды қорғау мемлекет басшысының да, әрбір министрдің де басты міндеті емес екенін көріп отырмыз», - деді олар. Толығырақ.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартады. Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Толығырақ.

 

Әлеумет

Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) материалдық мәдени мұралар тізіміне Тәжікстанның 19 тарихи және мәдени ескерткіші енді. Бұл туралы «Азия-Плюс» агенттігіне Тәжікстан Республикасы мәдениет министрлігі тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану департаментінің басшысы Мирзошариф Абдусаломов мәлім етті. Толығырақ.

Өзбекстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетіне мүше болды. ЮНЕСКО штаб-пәтерінде (Париж) өтіп жатқан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға мүше мемлекеттер Бас ассамблеясының 9-шы сессиясында Өзбекстан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

БҰҰ Қырғызстанды әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуге шақырады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.