Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 4-11 қаңтар, 2021 ж.

12.01.2021 • 17:08

Қымбатты дос!

Сені Жаңа жылмен құттықтаймын!

2021 жылдың алғашқы дайджестін ұсынып отырмын

Кеттік!

 

Білім

Facebook-тің тәжік сегментінде балалары мектеп басшылығы немесе сыныптастары әділетсіздігінен зардап шеккен адамдардың ызалы посты жиі пайда болады. Ата-аналар да баласын қорғаймын деп шекараны жиі бұзады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Asiaplustj.info порталы журналистері Тәжікстан жастары үшін компьютер сауаты мен бағдарламалауды оқытудың ақысыз мүмкіндіктері туралы ақпарат жинады. Толығырақ мақалада.

Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігі мектеп оқушыларына онлайн режимінде білім беру мүмкіндігін қалдыру туралы шешім қабылдады. Дегенмен ата-аналар үйде оқуға барлық қажет жағдайды жасауы керек. Толығырақ мына жерде.

Өзбекстанда мектептерді білім сапасына қарай түстерге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Халыққа білім беру министрі Шерзод Шерматов АБКА-дағы брифинг кезінде айтты. Толығырақ мақалада.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге біліктілік санаттарын қайтарып жатыр. 2021 жылы мектептер мен мұғалімдерді тағы қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы мына жерден оқуға болады.

Адам құқықтары

Ашхабад полициясы 40 жасқа дейінгі әйелдерге жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзартуға байланысты құжаттар қабылдай бастады. Желтоқсан айының басында әйелдерден жүргізуші куәліктерін ұзартуға өтініштер 2 жылдық үзілістен кейін қайта басталғаны туралы хабарланды. Бірақ ол кезде өтініш тек 40 жастан асқан әйелдерден қабылданғаны анықталды. Толығырақ мына жерде.

Ресми түрде бірде-бір коронавирус жағдайы тіркелмеген Түркіменстан жаңа 2021 жылды қатаң шектеулермен қарсы алды және «Азатлык» радиосының тілшілерінің хабарлауынша, демалыс кезінде карантин ережелерін бұзды деген айыппен, кем дегенде, ондаған адам қамауға алынды. Тілшінің хабарлауынша, көршілеріне Жаңа жылды қарсы алуға барған Фараптың бірнеше тұрғыны полицияға ұсталып, оларға дүйсенбіге дейін үйіне қайтуға рұқсат етпеген. Карантин ережелерін бұзды деген айыппен ұсталғандардың ісі аудандық сот жұмысын бастаған кезде, 4 қаңтарда қаралады және ұсталғандар айыппұлды төлеу туралы шешім шығарылғаннан кейін ғана босатылады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Тәжікстанда Отбасы кодексіне енгізілген түзетулер парламентке жіберілді. Үкімет ұсынған түзетулер, атап айтқанда, ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін адамдар тізімін кеңейтуге қатысты. Жалпы алғанда, Отбасы кодексінің тоғыз бабына түзету енгізу көзделіп отыр, сонымен қатар оған екі жаңа тарау қосылады. Толығырақ оқыңыз.

Мәдениет

Душанбе ресми түрде 2021 жылы ТМД-ның мәдени астанасы, сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭКО) нұсқасы бойынша туристік қала болып жарияланды, деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті сайты. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Қазақстандағы кинотеатрлар 1 ақпаннан бастап 3-5 айға дейін жабылуы мүмкін, деп мәлімдеді "Кинотеатрлар альянсы" Қазақстан кинотеатрлары иелері" қауымдастығының президенті Мунира Ягудин. Уақытша жабылуға бірнеше жағымсыз фактор ықпал ететінін айтты "Қазақстан кинотеатрлары иелері" қауымдастығы басшысы. Соның бірі - фильмдердің болмауы, өйткені Голливуд студиялары көктемгі премьераларын күзге қалдыруға шешім қабылдады.Толығырақ мына жерде.

Пандемия

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге Түркіменстанның коронавирус зерттеулері ДДСҰ-ның шетелдегі зертханаларына жіберу үшін әлі нақты шаралар қолданбағаны өкінішті екенін атты. Толығырақ сілтеме бойынша.

Экология

«Қалалық саябақтар» коммуналдық кәсіпорны «Өз ағашыңды отырғыз» жасыл акциясын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бішкек әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, акция аясында кез келген азамат немесе ұйым елорданың жаңа саябақтарына ағаш отырғыза алады. Акция туралы толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Тағы да ЖАҢА ЖЫЛЫҢМЕН!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк бас та, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.