Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 5- 12.04.2021 г.

13.04.2021 • 08:45

Қымбатты дос!

Бос уақытыңды қалай өткізетінің туралы айтып берші. Ауа райы күн өткен сайын серуендеуге және достармен кездесуге жайлы болып келе жатыр. Дегенмен өз қауіпсіздігің туралы ұмытпа.

Ал қазір саған өткен аптада Орталық Азия елдерінде не болғанын айтып берейін.

Кеттік!

Білім

Қазақстанда жоғары оқу орындарына докторантураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Биылдан бастап қабылдау емтиханы электрон форматта өтеді. Үміткерлер компьютер алдында эссе жазады, докторантураға оқуға дайындық тестін тапсырады және білім беру бағдарламасы бейіні бойынша емтихан тапсырады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Республикалық тестілеуді жылына екі рет тапсыру талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсуге екінші мүмкіндік береді. Бұл туралы 24.kg агенттігіне Білім беруді бағалау және оқыту әдістемесі орталығының аналитигі Инна Валькова мәлімдеді. Оның айтуынша, кейде университеттерде бюджет және келісімшарт бойынша бос орындар қалады. Университетке түрлі себеппен уақытында түсе алмаған талапкерлер де аз емес. Сондықтан оларға тағы бір мүмкіндік беру туралы ой келді. Толығырақ.

Адам құқықтары

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы 2020-2021 жылдары әлемде адам құқықтары сақталуы туралы есеп жариялады. Орталық Азиядағы бес елдің әрқайсының жағдайы туралы құжатта не жазылған? Ең нашар жағдай қай елде, қай жерде қуғындау үшін фишинг қолданылды және коронавирус жағдайға қалай әсер етті? Толығырақ. 

Назарыңызға Орталық Азияда президентті «қорлаған» адам қалай жазаланатыны туралы материал ұсынамыз. Материалда статистика және эксперт мәліметтері бар. Толығырақ.

Тәжікстанда өткен аптада көктемгі әскерге шақыру басталды. Алдыңғы жылдардағыдай көшеде тағы да әскерге шақыру жасындағы жастарға рейд жүргізу басталды. Бірақ бұл жолы билік қатты кетті, өнер институтының 10 магистрантын әскерге күштеп алып кетті. Толығырақ.

Әлеумет

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысы басталды. Толығырақ.

Су тапшылығы Түркіменстан тұрғындары үшін әлі де ең өзекті проблема болып отыр. Көптеген адам ауыз суға қол жеткізе алмайды. Қалаларда су беру жүйелі түрде тоқтатылып отырады, ауылды жердің көбі орталықтандырылған сумен жабдықталмаған. Толығырақ.

Әлеуметтік орталықтарда (баспаналарда, интернаттарда, балалар үйінде, білім беру ұйымдары жатақханаларында, жатақханасы бар мемлекеттік емес білім беру мектептерінде) тұратын азаматтар жақын жердегі отбасылық дәрігерлер тобына аумақтық негізде тіркеліп, медициналық қызметтің базалық пакетін тегін ала алады. Бұл туралы Міндетті медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолды! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.