Қымбатты дос!
Қазір бәрі көзді ашып-жұмғанша, бір демде өзгеріп кететінін байқаған боларсың.
Бұл апта Орталық Азия елдері үшін шиеленіс және ауыр болды. Қырғызстанда парламент, ал Тәжікстанда президент сайлауы өтті. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың айқын наразылығынан кейін сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныды.
Дұрыс айтасың, саясатты қоя тұрайық. Басқа жаңалықтар туралы да сөйлесейік:
Білім
Дүниежүзілік банктың жаңа есебінде Орталық Азияда пандемия кесірінен болған шығын болашақта 44 миллиард доллар болатын экономикалық шығынға айналуы мүмкін екені айтылады. Мұндай ұнамсыз болжам туралы мына жерден оқуға болады.
6 қазаннан бастап Қырғызстандағы барлық оқушы қашықтан оқуға көшті. Бұлай оқу қай уаққа дейін созылатынын мына жерден оқуға болады.
Өзбекстанның барлық аймағы бойынша пилот бағдарламасы арқылы 30 мектепті Oracle Academy онлайн платформасына қосады. Америка компаниясымен тиіс келісімшартқа қол жетті. Толығырақ.
Әлеумет
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге жұмысқа туысын алуға тыйым салды. Ел басшылығы не себепті мұндай ұйғарымға келгенін мына жерден оқуға болады.
Тәжікстан үкіметі жанындағы орындау қызметі 2 мыңнан астам азаматты елден кету құқығынан айырды. Ресми мәліметтерге бойынша бұл адамдардың несие немесе алимент бойынша берешегі бар. Олардың арасында 130 жеке компаниялардың басшылары бар. Толығырақ.
Ресми түрде коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмеген Түркіменстан аймақтарынан полиция қызметкерлері көшеде маска тақпаған адамдарды ұстап, айыппұл салып жатқаны туралы хабарламалар түсіп отыр. Хабарламаларда полиция қызметкерлері айыппұлды сол ұстаған жерде-ақ төлеуді талап ететінін, бірақ төлегені туралы ешқандай түбіртек бермейтіні жазылған. Оған қоса, әртүрлі себеппен ұсталған азаматтар мақта теруге мәжбүрлейтіні хабарланды. Толығырақ.
Адам құқығы
Өзбекстанда әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғау күшейтіледі. Әйелдер құқығын бұзушыларға қандай жазалар қолданылатынын мына жерден оқуға болады.
Пандемия
Қазақстанда эпидемия дамуының үш сценарийі бар. Қазақстанда қатаң локдаун болуының мүмкін-мүмкін еместігі туралы мына жерден оқуға болады.
Бізбен бірге болғаныңыза рақмет!
Жемісті және сәтті апта болсын!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever ойна!