Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Balapan телеарнасы (Қазақстан) балаларға арналған «Білім бәйгесі» жаңа зияткерлік жобасына қатысуға байқау жариялады, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Шоу осы күзде басталады. Толығырақ.
20 маусымда Жогорку Кенештің (Қырғызстан) әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті отырысында депутат Айбек Маткеримов Білім және ғылым министрлігінің бұл бастамаға қалай қарайтынын сұрады. Вице-министр Надира Жүсіпбекова мектеп формасы 2016 жылы енгізілгенін еске салды. Бірнеше нұсқа ұсынылып, олардың біреуі байқау арқылы мақұлданды. Сол кезде мұғалімдерге де арналған форма енгізу ұсынылды. Толығырақ.
Қырғызстанның аудандық және қалалық білім бөлімдері, жалпы білім беру ұйымдары 2022-2023 оқу жылында 9-класс оқушыларына арналған «Діндердің даму тарихы» пәнін оқытатын мұғалімдерді іріктейді. Толығырақ.
Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ереже жобасын қоғам болып талқылау үшін жариялады. Ереже жобасындағы құжаттың мақсаты – заманауи білім беру кеңістігі жағдайында негізгі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- барлық баланың білімді тең және әділ алуын қамтамасыз ету, оның ішінде инклюзивтілік қағидаттары бойынша да;
- қауіпсіз және дамытушы оқыту ортасын жасау және әркімнің шығармашылық қабілетін, сондай-ақ оқушылардың физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік дамуын анықтау үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Мемлекеттік стандарт 5 жылда бір реттен кем емес жиілікте қайта қаралып, жаңартылуы керек екені, ал қазіргісі 2014 жылы қабылданғаны айтылды. Толығырақ.
Адам құқықтары
Түркіменстан заң шығарушылары Түркіменстанның Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізіп, Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық және есірткі бизнесіне қатысты қылмыстары үшін сотталғандарға кешірім жасау актілерін қолданбау туралы бабы бөліктерінің күшін жойды. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер нәтижесінде құжаттан 80-баптың 4-бөлігі алынып тасталады. Толығырақ.
Кейінгі кездері Тәжікстанда әйелдер мен жас қыздарды бопсалайтын оқиғалар жиілеп кетті. Ер адамдар интим қатынасы кезінде түсірілген шын видео кадрлары мен фотосуреттерді жариялаймын деп қорқытады. Болмаса, фотошоп қолданады, бұл жағдайда да олардың құрбаны қорқып, ақша төлеуге келіседі деп ойлайды. Журналистер адвокаттан мұндай қорқытатын жағдайда не істеу керек екенін сұрады. Толығырақ.
Әлеумет
17 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунология орталығы қызметімен танысты. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлауынша, аллогендік және аутологиялық гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауға арналған 2 асептикалық корпус, өңірлерден ұзақ мерзімді емделуге келетін науқастарға арналған 200 орындық жатақхана салу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін орталыққа тағы 67 түрлі техника жеткізіледі. Толығырақ.
Душанбеде «Тәжікстан Республикасы халқының сүйікті медиасын анықтау: теледидар, радио, баспасөз басылымдары, сайттар, әлеуметтік желілер және мессенджерлер – 2022» атты жаңа зерттеу таныстырылды. Зерттеу Тәжікстанда телевизияға сұраныс көп екенін көрсетті, оны жаппай бәрі көреді әрі қолжетімді. Толығырақ.
2022 жылдың екiншi тоқсанында Өзбекстан министрлер кабинетi тапсырмасы бойынша өңірлерде республикада бар аттракциондарды мемлекеттiк бақылау үшiн 100-ден астам ұйым өкiлдерiнен тұратын 16 жұмыс тобы құрылды. Олар ел бойынша 143 мәдениет және ойын-сауық саябағында 1879 түрлі аттракционды тексерді. Бұл туралы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде өткен брифингіде Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпарат қызметі жетекшісі Малика Миржамолова мәлім етті. Толығырақ.
Өзбекстан Үкіметі «Жастар дәптерін» жүргізу арқылы жастардың мәселесін жүйелі шешу және оларды әлеуметтік қолдау тәртібі туралы ереже бекітті. Бұл туралы «Ферғана» Әділет министрлігіне сілтеме жасап жазады. Толығырақ.
Өзбекстан тууды, неке қиюды және ажырасуды тіркеу процесін жеңілдетеді, деп хабарлайды Podrobno.uzӨзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда тууды, неке қиюды және ажырасуды тіркеу кезінде артық қағазбастылық, бюрократия бар. АХАЖ қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысы сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады.
Сонымен қатар, азаматтардың медицина мекемесінен анықтама алған соң туылған баланы тіркеу үшін АХАЖ органдарына бармайтындықтан тіркелмеген туу саны жылдан жылға артып келеді. Толығырақ.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде кеңес өткізіп, кәсіби патронаттық отбасыларды енгізу бойынша пилот жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасы «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп, Ақкөл ауылындағы балалар үйінде «Үйдегідей» үлгісі бойынша сегіз баладан тұратын екі топ ұйымдастырды. Мамандар балалар үйінің тәрбиеленушілерінің дамуы мен өмірінің қалыптасуы үшін 85 жеке жоспар әзірледі.
263 бала асырап алушы психологиялық тренингіден өтті, 21 отбасы кәсіби патронаттық тәрбиеші болғысы келеді. Патронаттық отбасыларға кәсіби көмек беріп, қолдайтын мамандар үшін әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық әзірленді. Толығырақ.
Технология
15 маусымда Душанбеде ЮНИСЕФ пен Еуропалық Одақ Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігімен серіктес бола отырып «Көші-қондағы балалар» деген жаңа мультимедиялық көші-қон порталын іске қосты.
«Көші-қондағы балалар» порталы халықтың, еңбек мигранттарының, олардың отбасы мүшелерінің, саясаткерлердің, жұмыс берушілер мен қызмет көрсетушілердің көші-қонның әсері туралы хабардарлығын арттыруға арналған. Оның мақсаты – көші-қоннан зардап шеккен балалар мен отбасылардың проблемаларын шешу үшін ұжымдық әрекетке шақыру. Толығырақ.
Абайлаңыз, алаяқтар!
Демалыс маусымы бастала сала жалған туристік агенттіктер де белсенділік таныта бастады. Қазақстандықтарды өзін туристік фирмалар қызметкері деп таныстыратын алаяқтар алдап жатыр. Қазірдің өзінде олардан Солтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны зардап шекті. Алаяқтар турларды тиімді бағамен сатып алуды ұсынып, алдын ала төлем сұрайды, ал кейін жоғалып кетеді, деп хабарлайды "31 арна". Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!