Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 7-13 желтоқсан, 2020 ж.

15.12.2020 • 09:02

Қымбатты дос!

Сені және достарыңды Адам құқығының халықаралық күнімен құттықтаймын!

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Адам құқығы туралы негізгі әлемдік құжатты дайындау 3 жылға созылды, содан кейін бірнеше ай соңғы мәтін келісілді. БҰҰ-ның 1 500-ге жуық отырысы адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары тізбесін қамтитын құжат дайындауға арналды.

БҰҰ осы жылы мерекеге орай не жазғанын мына жерден оқы.

Ал енді осы аптада біздің аймақта не болғанын, медиа не туралы айтқанын, адам құқықтарына қатысты қандай тақырыптар көтерілгенін білейік. Кеттік!

Білім

Осы аптада Тәжікстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Пешсаф» қоғамдық ұйымымен серіктестікте және Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмегімен 3 мыңнан астам жасты COVID-19 пандемиясы кезінде ел азаматтары қолданатын жеке қорғаныс құралдарын қауіпсіз пайдалану және жою бойынша ақпарат деңгейін көтеру және тартуға қатысты бірқатар іс-шараны аяқтады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстанның мектеп оқушылары биыл демалысқа ерте шығады. Бастауыш класс оқушылары (1-4 кластар) 25 желтоқсаннан бастап, ал жоғары класс оқушылары (5 пен 11-класс аралығы) 26 желтоқсаннан бастап демалады. Толығырақ мына жерде.

Қырғызстанда Шыңғыс Айтматов аудиокітаптары жинағы таныстырылды, шара ұлы жазушының туған күніне орайластырылған. Толығырақ сілтеме бойынша

Адам құқықтары

Ашхабадта Жол полициясы қызметі 40 жасқа дейінгі әйелдердің жүргізуші куәліктерінің жарамдылық мерзімін созудан бас тартып жатыр. Өткен аптада астаналық полицейлер әйелдердің жүргізуші куәлігі мерзімін созу туралы өтініштер қабылдай бастады деген хабарламадан кейін Ашхабадтың автокөлік әуесқойлары осындай жағдайға тап болды. Толығырақ мына жерде.

Америка Құрама Штаттары Тәжікстан мен Түрікменстанды «діни бостандықты жүйелі, үздіксіз, ашық түрде бұзғаны» үшін ерекше алаңдаушылық білдіретін елдер тізіміне қосты. Толығырақ сілтеме бойынша.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Адам құқықтарының халықаралық күніне орай «Инклюзияны талап ету: институционализация және Қырғызстандағы мүгедектігі бар балаларға білім берудегі кедергілер» атты баяндама жариялады. Баяндама туралы мына жерден толығырақ оқыңыз.

2020 жылдың қазан айында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда қыздар мен әйелдерге қатысты таксидегі алымсақтықты зерттеуге және бұл проблеманың мемлекеттік деңгейде көрінуін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы такси қауіпсіздігі туралы ақпараттық науқан басталды. Толығырақ сілтеме бойынша.

Бізбен бірге екенің рақмет!

Апта сәтті өтсін!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever  ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.