Қымбатты дос!
Өткен аптада еліміз бен Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.
Білім
Өзбекстанда өткен әл-Ферғани атындағы физикадан бірінші халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 11 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олимпиадаға әлемнің 18 елінен, соның ішінде Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Румыния және тағы басқасы бар, барлығы 130-ға жуық оқушы қатысты. Толығырақ.
Түркіменстанда студенттер онлайн сабаққа қатысу қиынға соғып жатқанын айтады. Яғшыгелді Қақаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университетінің Лебап, Мары, Дашогуз және Балқан облыстарынан келген студенттері қашықтан білім алып жатыр. Оқу орны студенттерінің айтуынша, үйдегі онлайн сабақтар бірінші кезекте интернеттің әлсіздігінен білім сапасын айтарлықтай нашарлатады. Толығырақ.
Қырғызстанның үш оқушысы Ахмад әл-Ферғани атындағы физикадан I халықаралық олимпиадада (IAFPhO 2021) қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.
2022 жылы Өзбекстан 410 миллиард сумға 40 мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе дерлік көп, бірақ бұл мектеп саны толып жатқан кластар мәселесін шешу үшін әлі де өте жеткіліксіз. Толығырақ.
Адам құқықтары
Халық арасында наразылықтың күшеюінен қауіптенген түркімен билігі елден тыс жерде тұратын түркімен белсенділерінің беделін түсіру науқанын қайта бастады. Билік Азатлык радиосын да тыңдамауға шақырады. Бұл оқиғалар Лебап уелаятының барлық дерлік атырабында өтіп жатыр. Толығырақ.
Түркіменстанда Facebook, Instagram, Twitter сияқты әлеуметтік желілер бұғатталған күйінде қалды. Оларға кіру үшін VPN серверлерін пайдалану керек. Дегенмен VPN серверлері де бұғаттаудан толығымен қорғалмаған. Азатлык радиосы тілші хабарлауынша, жоғары оқу орындарының бірінде мұғалімдерден әлеуметтік желіге кірмейтіні туралы қолхат алынып жатыр. Толығырақ.
Қырғызстан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заңға өзгеріс енгізеді. Бұл туралы 12 қарашада «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау және сақтау туралы» Қырғызстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында өткен дөңгелек үстелде гендерлік мәселелер жөніндегі эксперт Зульфия Көчорбаева айтты. Толығырақ.
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы «Клооп Медиа» қоғамдық қорының 28 қарашада өтетін парламентсайлауы бақылауынан бас тартты. ОСК бұл шешімді 2021 жылғы 5 қарашада қабылдады, бірақ шешім жазылған хат «Клооп-қа» 8 қарашада ғана жеткізілді. Толығырақ.
Әлеумет
Тәжікстанда 500 мыңнан астам қарт адам тұрады, бұл жалпы халықтың 6%-нідей. Оның ішінде 56 мыңнан астамы – 80 жастан асқандар, бұл жалпы қарттардың 11,2%-не тең. Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай дерегі биыл қазан айы соңында Душанбеде өткен конференция аясында ұсынылып, геронтологиялық қызметтің жай-күйі, мүгедектігі бар жандардың проблемалары, жетістіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Толығырақ.
Қазақстанның Оскар комитеті шешімімен Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі «Шетел тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды режиссердың сайты. Толығырақ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды қызметкері Түркіменстанның COVID ауруы жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтіріп, вирустың елде тарамауы екіталай екенін айтты. Бұл туралы BBC хабарлады. Толығырақ.
Түркіменстанда көлік түсіне қойылатын талап тағы да күшейтілді. Елордада екінші апта қатарынан қара бөлшектері бар көліктер жаппай айыппұл тұрағына түсіп жатыр, Лебапта олар тіпті хромдалған көлік бөлшектері үшін де айыппұл төлейді. Толығырақ.
Өткен апта соңында Түркіменстанда «жалпы ұлттық ағаш отырғызу» өтті. Фарапта көшеттер бюджет қызметкерлері қаражатына сатылып алынған. Өзбекстан жақтан соққан қатты жел Лебап тұрғындарына қиындық тудырды. Ағаш отырғызу мамандары елде егілген ағаштардан гөрі кесілген ағаш көп деп есептейді. Бұл туралы Азатлык радиосы тілшісі хабарлайды. Толығырақ.
14 қараша – қант диабетімен дүниежүзілік күрес күні. Тәжікстанда бұл дертпен 48 мыңнан астам адам ауырады. Дегенмен тамақ ішуді басқарып, физикалық белсенділік танытса, қалыпты өмір сүре алатынын көбі біле бермейді. Былтыр ашылған елордалық «Диабет мектебінде» қант диабетімен ауыратындар осылай оқытылады. Толығырақ.
Технология
YouTube өз блогында сервис видео астындағы ұнатпаулар санын көрсетпейтінін хабарлады. Ұнатпау есептегіші барлық видео астында жасырылады. Бірақ дислайк қою мүмкіндігі қалады. Ролик жасаушы дизлайк санын YouTube Studio-дан көре алады. Бұл оған қолданушылар қалауын ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Толығырақ.
Netflix стриминг платформасы өз қолданбасына TikTok клиптеріне ұқсас балаларға арналған Kids Clips бөлімін енгізеді, деп хабарлайды Bloomberg. Бөлім балаларға сервистің арнайы балалар кітапханасынан қысқа бейнероликтерді көруге мүмкіндік береді. Бейнекаталог күн сайын жаңартылып отырады. Осылайша Netflix YouTube пен TikTok-ты көбірек ұнататын жас көрермендерді тартуды жоспарлап отыр. Толығырақ.
Instagram қолданбадан үзіліс жасауды еске салатын жаңа «үзіліс жасау» (take a break) мүмкіндігін сынауды бастады. Бұл туралы әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери мәлімдеді. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!