Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 8-15 наурыз, 2021 ж.

17.03.2021 • 10:42

Қымбатты дос!

Назарыңа Орталық Азиядағы маңызды оқиғалар туралы жаңалықтардың жаңа дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Халықаралық балалар теледидары және радио күні жыл сайын наурыздың бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол 7-не түсті. Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар жексенбі күні таңертең Орталық теледидар балаларға арнап мультфильмдер, «АБВГДейки» сияқты түрлі бағдарлама, жұмыс күндері кешке «Спокойной ночи, малыши!» деген сияқты бағдарламалар көрсететінін әлі күнге дейін ұмытпайды. Әрине, «В гостях у сказки» бағдарламасы және оның сиқырлы тәтесі Валяны да ұмытуға болмайды. Содан кейін, 90-шы жылдары олар балалар үшін ғана емес («Зов джунглей»), жасөспірімдерге де арналған «До шестнадцати и старше», «Звёздный час» сияқты көптеген жақсы өнім шығара бастады. Қазір заман басқаша. Балаларға толықтай канал арналады, олардың саны кейде бір емес, ондап саналады. Орталық Азияда, дәлірек айтсақ, Қазақстанда, Тәжікстан мен Өзбекстанда 0+ пен 16 жас аралығындағы аудиторияға арнап не шығып жатыр? Толығырақ.

Қырғызстанның Білім министрлігі студенттердің оффлайн режиміне қашан оралатынын атай алмайды. Себебі не? Жауап мына жерде.

Қырғызстан мектептерінде  мүгедектігі бар балаларды ертіп жүретін тьюторлар пайда болуы мүмкін. Білім министрлігінің маманы Салтанат Мәмбетованың айтуынша, 2023 жылға дейін есептелген Инклюзив білім беруді дамыту концепциясында баланы оқу процесінде оған көмек беру қызметі бар. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Тәжікстан парламенті төменгі палатасы депутаты Мавлудахон Мирзозода Тәжікстан Республикасының Отбасы кодексіне енгізілген түзетулер 16 жасқа дейінгі балалардың бостандығы мен жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін сотталған адамдарға, сондай-ақ қоғамдық үйлерді ұйымдастырумен, оларды асыраумен немесе пайдакүнем мақсатымен айналысатын адамдарға қатысты екенін айтты. Заңгерлер түзетулер балалар құқығын бұзатынын айтады. Толығырақ.

Тәжікстанда Баспасөз күні 11 наурызда аталып өтеді. Тәжік баспасөзі өзінің ғасырлық тарихына немен жетті және ол халық ойын, үміті мен күткенін білдіру сияқты негізгі функциясын орындап жатыр ма? Толығырақ.

Ақпан айында Түркіменстанда 60 жастан асқан кейбір әйел және отбасында мүгедектігі бар адамдар жүргізуші куәлігін алды, бірақ әйелдің көпшілігінің өтінішін қарау әлі күнге дейін созылып жатыр. Толығырақ.

Қырғызстанның Еңбек кодексінің жұмыс орындарындағы алымсақтыққа тыйым салатын баптарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл туралы Тау-кен металлургия кәсіподағында хабарланды. Мекеме мәліметінше, бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде  жұмыс орнындағы алымсақтыққа қатысты «Еңбек кодексіне өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған комиссия отырысы өтті. Толығырақ.

 

Әлеумет

Коронавирус көптеген елде эпидемия өршіп тұрған кезде Орталық Азияға жетті. Аймақ елдері наурыз айының ортасында бірнеше күн айырмашылығымен алғашқы инфекция туралы есеп бере бастады. Әуелі мұны Қазақстан, содан кейін Өзбекстан, одан кейін Қырғызстан жариялады. Тәжікстан ұзақ уақыт бойы елде вирус жұқтырып, ауырып жатқан адамдар бар екенін жоққа шығарды. Билік вирустың барын Тәжікстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы миссиясы келу қарсаңында - сәуірдің соңында ғана мойындауға мәжбүр болды. Коронавирустың келгеніне жыл толды. Толығырақ.

Түркіменстандағы ауруханалардың перзентхана бөлімінде, сондай-ақ қалада прокурорлар кейінгі 6 айда заңды түрде түсік жасатуға қатысқан акушер-гинекологтар қызметін тексеріп жатыр. Толығырақ.

Өзбекстандағы аз қамтылған отбасы жастары В және С санатындағы жүргізуші куәлігін тегін ала алады. Толығырақ. 

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға жыл сайын өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтер порталында ЭЦҚ арқылы жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын және ымдау тілі маманының қызмет көрсету парағын келісу мүмкіндігі регламенттелді. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.