Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест*: 9 мамыр – 16 мамыр, 2022 жыл

17.05.2022 • 11:42

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

Тәжікстан мен Жапония білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу және қол қою бойынша ұсыныстарды талқылады, деп хабарлайды Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы. Бұл Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігінің басшысы Рахим Саидзода мен Жапонияның Тәжікстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Тошихиро Аики кездескенде талқыланды. Толығырақ.

Садыр Жапаров «Эл умуту» (Халық үміті) деген жаңа халықаралық стипендиялық бағдарламаны құрды. Президенттің өзі шәкіртақы мөлшері 50 мың долларға дейін жетуі мүмкін екінін, бірақ оның мөлшері таңдаған университетке байланысты екенін айтты. Техникалық және инженерлік салаларға басымдық беріледі. Толығырақ.

Ташкент, Самарқан және Бұхара қалаларында «Білім және кәсіп 2.0. – Соңғы қоңырау 2022» көрмесі өтеді. Оған 20-дан астам жоғары оқу орны қатысады. «Білім және кәсіп» көрмелері – Өзбекстандағы талапкерлерге армандаған университетін табуға көмектесетін негізгі іс-шаралар. Өйткені сапалы білім қолжетімді болуы мүмкін.                                                                                                        Толығырақ.

 

Әлеумет

Сақтандыру не үшін қажет екенін және оның қандай түрлері бар екенін Fingramota.kz жазды. Тұрақсыз экономика жағдайында бұл ойланып барып қабылданған шешім. Сақтандыру мәдениетін дамытып, арттыру арқылы өміріңіз бен денсаулығыңызға қамқорлық жасау да маңызды. Толығырақ.                                                  

10 мамырда Бішкек қаласында Сорос–Қырғызстан қорының қолдауымен MediaJasa бағдарламасына қатысқысы келетіндерге арналған орыс және қырғыз тілдерінде маңызды мәселелер бойынша контент жасау үшін авторларға менторлық және қаржылай қолдайтын ақпараттық керуен іске қосылды. Толығырақ.

Түркіменстан тұрғындарының өмір сүру деңгейі аймақ елдеріндегі зейнетақы мөлшерін салыстыратын болсақ, Орталық Азиядағы ең төмен болуы мүмкін. Ел үкіметінің экономиканың өсуі мен халықтың әл-ауқаты туралы мәлімдемелеріне қарамастан, кедейленген халықтың, оның ішінде қарттардың саны айтарлықтай өсті. Көбісі мұқтаждықта өмір сүреді. Зейнеткерлердің айтуынша, мемлекеттік төлемдер тамаққа әрең жетеді, көбі дәрі-дәрмек сатып ала алмайды.

Толығырақ.                                                                                                               

 

Адам құқықтары

Жақын арада Қырғызстанда 2030 жылға дейінгі гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы қабылданады, деді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан халқын Аналар күнімен құттықтап, деп хабарлайды Sputnik ҚырғызстанТолығырақ.

Түркіменстанда қоғамдық орындарда қол ұстасып жүргені үшін ғана ондаған ерлі-зайыпты ұсталды. Ұстау әйелдерге қысымның күшеюі аясында өтіп жатыр. Түркіменстанның Мары қаласында ондаған ерлі-зайыпты «қоғамдық қағидаларды» бұзғаны үшін ұсталып, қолдарына кісен салып әкетілді. Жабық елдегі билік әйелдердің күнделікті өміріне бақылауды күшейткен сияқты. Толығырақ.

Түркіменстан билігінің әйелдерге қатысты толық бақылауы мен көптеген тыйымы адам құқықтары саласындағы халықаралық ұйымдардың назарын аударды. Отбасын жоспарлау халықаралық федерациясы (IPPF) Түркіменстан үкіметі соңғы айда салған тыйымдар тақырыбына шолу жариялап, түсік жасатуға іс жүзінде тыйым салғанын атап көрсетті. IPPF халықаралық қауымдастықты Түркіменстандағы әйелдер құқығына жасалған өрескел шабуылдарға қарсы әрекет етуге шақырады. Толығырақ.

Түркіменстанда мемлекеттің қатаң бақылауындағы газет-журналдарға міндетті жазылудың кезекті маусымы басталды. 2022 жылдың екінші жарты жылдығына мерзімді басылымдарға жазылуды сатып алуға мәжбүр болған мемлекеттік және шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлері төлем туралы түбіртек ұсынуға міндетті. Толығырақ.

 

Технология

АҚШ-та Android қолданушылары мен iPhone иелерінің көлік жүргізу сапасы салыстырылды. Зерттеу нәтижелерін америкалық Jerry автосақтандыру порталы жариялады. Толығырақ.

 

Мәдениет және спорт

Тәжікстандық дзюдошы Абубакр Шеров Қазақстанда дзюдодан кадеттер мен жастар арасындағы Азия кубогының жеңімпазы атанды. Тағы бір спортшы Парвиз Абдурахмонов қола жүлдеге қол жеткізді. 13-15 мамыр аралығында Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті. Құрлықтық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.