Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 9-16 қарашасы

17.11.2020 • 07:59

Сәлем!

Иә, уақыт зымырап өтіп жатыр. Демалыс та аяқталды, енді сабақ басталады.

Сен шексіз білім теңізін бағындыруға дайындалып жатқанда мен Орталық Азияның ең маңызды жаңалықтары туралы айтып берейін.

 

Білім

Өзбекстанның Республикалық комиссиясы Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы сабақтарды дәстүрлі түрде қайта бастау туралы шешім қабылдады. Оқу процесі осы аптадан басталады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстандағы жалпы білім беру мекемелерін эксперимент ретінде жеке сектор өкілдеріне сенімгерлікке беру басталады. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев қол қойған "Өзбекстанның жаңа даму кезеңінде білім мен тәрбие және ғылым салаларын дамыту жөніндегі шаралар туралы" жарлықта айтылған. Толығырақ мына жерде.

Жас ұрпақтың денсаулығын ойлай отырып, БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және Ресейдің тамақтану индустриялық институтымен (SIFI) бірлесіп, tamakash.edu.gov.kg деген мектеп оқушыларының тамақтануы туралы жаңа порталды ұсынады. Сайттан балаңыздың мектепте және үйде тамақтануын қалай жақсартуға болатыны туралы толық ақпарат таба аласыз және отандық мектептердің пайдалы ыстық тамақ ұйымдастырудағы озық тәжірибесімен танысасыз. Сайт туралы толығырақ.

Назарларыңызға Тәжікстан жастарының білім алу мүмкіндігіне арналған топтама ұсынамыз. Топтама туралы толығырақ.

 

Сөз бостандығы

11 қарашада Еуропалық Одақ пен Тәжікстан адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы диалогтың 12-раундын видеоконференция арқылы өткізді. ЕО Тәжікстанды тәуелсіз журналистердің қауіпсіздігіне кепілдік беруге және жаңалықтар сайттарын бұғаттаудан бас тартуға шақырды. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Адам құқығы

Қырғызстанда адам құқығы бойынша дәстүрлі айлық басталды. Оны омбудсмен аппараты жүргізеді. Мақсат – адам құқықтарын кеңінен насихаттау және халықтың құқықтық санасын дамыту. Толығырақ сілтеме бойынша.

Қазақстанда "Айналайын SOS" атты мектеп ортасындағы қудалауға қарсы алғашқы ақпараттық-білім беру кампаниясы басталды. Жоба авторлары мектептердегі буллинг пен балалардың қауіпсіздігі туралы әлеуметтік плакаттар жасады. Толығырақ мына жерде.

 

Экология

Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедов пен мыңдаған адам қатысуымен күзгі ағаш отырғызу маусымы басталды. Бұл жолы түркімен халқы 25 миллион ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Толығырақ.

Каспий итбалығы Қызыл кітапқа жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысында айтылған. Толығырақ мына жерде.

 

Пандемия 

Түркіменстан астанасындағы мектептерде оқушылар мен мұғалімдердің маска тағу режимін сақтауына бақылау күшейтілді. Бақылауды орта мектептер аумағында орналасқан полиция қызметкерлері жүргізеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Желідегі қауіпсіздік

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін шетелдік Unique Finance компаниясының өкілі ретінде таныстыра отырып, қазақстандықтарға Pepsi, Nike, Microsoft, Ford, BMW бағалы қағаздарына ақша салуды ұсынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының экономикалық тергеу департаменті. Салымшыларға қол қойылғаннан кейін ай сайынғы пайданың жалпы сомасынан 6% пайда және жаңа серіктестің жарна сомасынан 5% пайда беруге уәде берілген. Компанияға салынатын ең төменгі салым 1000 доллар болған. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Апта сәтті өтсін!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.