Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест*: 11 сәуір – 18 сәуір 2022 жыл

21.04.2022 • 04:41

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

eDonish электрон бағдарламасы қазірдің өзінде Душанбенің 55 мектебінде істейді, екінші кезеңде тағы 50-ден астам мектепке бағдарлама қосылуы мүмкін. Толығырақ.

Сәуірден тамызға дейін тәжікстандық талапкерлер әдетте университет таңдау туралы ойлана бастап, Орталық Азиядағы университеттерге тапсыру үшін қажет құжаттар дайындайды. «Азия-Плюс» Орталық Азиядағы бағасы, грант мүмкіндіктері, бірегейлігі және талапкерге қажет басқа да мәліметі бойынша Еуропа университеттерінен кем түспейтін ЖОО-ға шолу жасады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Әр ересек қазақстандық үй салу үшін жер алуға құқылы. Оны қалай алып, кезекке қалай тұруы керек екені жайлы. Толығырақ. 

Түркіменстанда бірқатар косметикалық процедураға тыйым салынды. Мары уелаяты Байрамали қаласының құқық қорғау органдары қазір жергілікті сұлулық салондарына барып, әйелдер мен қыздарға кейбір косметикалық қызмет көрсетуге тыйым салынғанын хабарлап жүр. Толығырақ.

 

Әлеумет

11 сәуірде Қазақстан мемлекеті Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен құрлықтағы өткізу пункттерінде азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтардың шекарадан өтуіне қойылған шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады. «Азия-Плюс» оқырмандарының Ресей мен Қазақстан шекарасын құрлық пункттері арқылы өтуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарына жауап дайындалды. Толығырақ.

«Отбасы Банкі» (Қазақстан) жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылдау платформасын іске қосты. Субсидияланатын пәтерлерге кім өтініш бере алатыны туралы толығырақ.

 

Мәдениет және спорт

Тәжікстанның Балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының – «Tcell –  Футбол ба назди шумо меояд» аула футболы лигасының жобасы Азия құрлығындағы үлгілі жаппай футбол жарыстары мысалы ретінде Азия футбол конфедерациясының ең жақсы базалық жобаларының бірі болды. Бұл туралы Татарстан Республикасының футбол федерациясы хабарлады. Толығырақ.

Сәуірдің 18-і мен 22-сі аралығында Ташкентте Tashkent Animation Forum-2022 анимациялық фильмдер форумы өтеді. Оған Орталық Азия және ТМД елдерінің аниматорлары қатысады. Тәжікстаннан Лолисанам Улугова мен Фарход Гаффорпур өз жұмысын ұсынады. Толығырақ.

17 сәуірде Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының соңғы күні өтті, деп хабарлады Өзбекстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметі. Өзбекстан гимнасшылары 7 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 2 күміс және 1 қола. Бұл ұлттық құраманың әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік нәтижесі, деп атап өтті федерация. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.