Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім және ғылым
6 сәуірде Қырғызстан мен Еуропалық Одақ арасында «Қырғыз Республикасының білім беру секторын реформалау келісімі» бағдарламасы бойынша қаржылық келісімге қол қойылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 5 сәуірде өткен жиында мектеп мұғалімдерін жаңа әдістемелернегізінде қайта даярлау жөніндегі жалпыұлттық жобаның іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлады мемлекетбасшысының баспасөз қызметі. Толығырақ.
Біз әлеуметтік желісін қарап жүруге болатын, әдетте жастарға арналған қызық мүмкіндіктер жарияланатын жастар ұйымы топтамасын жасадық. Айтпақшы, мұнда қажет білім алып, адамдармен танысумен қатар, волонтер бола аласыз. Толығырақ.
Әлеумет
Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жәрдемімен дайындалған 2021 жылы елде еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау туралы есеп жариялады. Еңбек нормаларының орындалуы туралы алғашқы жылдық есеп былтыр шығарылды. Есепте жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауын қадағалаудың негізгі органы – Еңбек министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясының (МЕИ) жұмысы туралы деректер келтірілген. Толығырақ.
Қазақстан 11 сәуірден бастап Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Ресеймен құрлықтағы өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің мемлекеттік шекарадан өтуіне қатысты шектеулерді алып тастады. Бұл шешімді 6 сәуірде эпидемиология жағдайын тұрақтандыруға байланысты Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты. Толығырақ.
Әйгілі H&M және Zara киім желілері Өзбекстан нарығына шығуы мүмкін. Сәуір айында Өзбекстан делегациясы осы және басқа да бірқатар сән бренді өкілдерімен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Podrobno.uz сайты «Узтекстильпром» компаниясына сілтеме жасап. Бұл құрамына халықаралық жетекші сән брендтері кіретін Cotton Campaign халықаралық коалициясы 2010 жылы егістікте балалар мен мәжбүрлі еңбектің пайдаланылуына байланысты енгізілген өзбек мақтасына жаһандық бойкоттың аяқталғанын хабарлады. Толығырақ.
Адам құқықтары
Түркімен және түрік құқық қорғаушылары Түркіменстандағы адам құқығы мәселелерін талқылады. 1 сәуірде Стамбулда «Түркіменстандағы адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қорының» (TХҚ) қолдауымен түркімен белсенділері дайындаған кейінгі 30 жылдағы Түркіменстандағы адам құқықтарының жағдайына шолу ұсынылған семинар өтті. Толығырақ.
Экология
7 сәуірде бүкіл планета Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өтті. Биылғы тақырып – «Біздің планета, біздің денсаулығымыз» және шараның өзі денсаулық саласындағы климаттық дағдарысқа арналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін тойлау аясында Бішкекте ағаш отырғызу және қоқыс жинау акциясы өтті. Оған елорда тұрғындары, Денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткінің заңсыз айналымынаа қарсы күрес қызметі, Бішкек әкімшілігі, Республикалық және Бішкек денсаулықты нығайту орталықтары, Қырғызстанның Қызыл жарты ай қоғамы, БҰҰ агенттіктері және Қырғыз Республикасындағы шетел елшіліктері өкілі қатысты. Толығырақ.
Ұлыбританияның Ташкенттегі елшісі Тим Торлоу Alter Ego YouTube жобасына берген сұхбатындаӨзбекстандағы және әлемдегі экологиялық жағдай туралы айтып, оның салдарын жою шараларын жариялады. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!
* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті