Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест:  2022 жылғы 7-14 наурыз

15.03.2022 • 08:54

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

АҚШ-та, Жапонияда, Түркияда, Румынияда және Нидерландыда оқуға арналған стипендиялар топтамасы. Толығырақ.

PISA  оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы 15 жастағы жасөспірімдер қалай ойлайтынын, атап айтқанда, олардың адам интеллектісінің өсуі мен дамуына сенетінін-сенбейтінін зерттеді. Зерттеуде ол прогрессивті ойлау ретінде анықталады, бұл адамның қабілеттері мен интеллектісінің уақыт өте келе дами алатынына сенімін білдіреді. Бұл бекітілген ойлауға немесе біреу өмір бойы өзгере қоймайтын белгілі бір қабілет пен интеллектімен туады деген сенімге қайшы келеді. Зерттеуде прогрессивті ойлау қабілеті бар адам жетістікке жетуге қабілетті екені аталып өтілді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Депутат Тазабек Икрамов қырғызстандық оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл туралы ол бүгін, 14 наурызда Жогорку Кенештің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті отырысында айтты. Толығырақ.

 

Әлемет

COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК мәліметінше, Қазақстан Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдануды және ашық аспан астында маска режимін алып тастады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Халықаралық әйелдер күнінде ЮНИСЕФ әйелдер мен қыздарға арналған гендер теңдігіне шақырып, олардың жақсы болашақ жасау үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аударды. Бұл үшін әйелдердің экономикалық, саяси және қоғамдық салаларға белсендірек қатысуын, формальды және формальды емес білімге қол жеткізуін арттыруды, қыздардың ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға (STEM) қатысуына және олардың цифрлық дағдыларды меңгеруіне инвестиция салу қажет. Толығырақ.

 

Жануар құқықтары

Түркіменстанда үй жануарларына қарсы зорлық-зомбылық көрсету vен олардың иесін қудалау толқыны жалғасып жатыр. Жеке меншiкке күштеп кіру, ондағы жаyeарларды қыру фактiлерi ашылмай отыр, панасыз жануарлар аяусыз ұсталып жатыр. Қатыгездік қоғамда болып жатыр, билік бұған пікір білдірмеді. Толығырақ.

 

Экология

14 наурыз көптеген елде Халықаралық өзен күні ретінде атап өтіледі. Осы күнге орай Тәжікстан өзендері туралы мәліметтер жинауды жөн көрдік.

Тәжікстан аумағында барлығы 600 өзен мен уақытша ағын су бар (басқа деректер бойынша, 1000-ға жуық), олар Орталық Азиядағы ең ірі Әмудария және Сырдария бассейндеріне кіреді. Тәжікстанның өзен артериясы ұзындығы 28 500 км-ден асады, бұл Амазонкадан төрт есе ұзын. Толығырақ.

Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы мен сумен қамтамасыз етумен өзара тиімді шарттары туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің сайты хабарлайды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.