
Еуропалық парламент Беларусь оппозициясына Сахаров атындағы сыйлық тағайындады
23.10.2020 • 15:45Светлана мен Сергей Тихановский, Мария Колесникова және тағы жеті адам адам құқықтары мақсатындағы күреске қосқан үлесі үшін сыйлығының лауреаты атанды.
Еуропалық парламент спикері Давид Сассолидің айтуынша, Минскідегі үкіметке халықтың даусын тыңдайтын уақыт келді және демократиялық беларуссиялық оппозицияға ой мен сөз бостандығын жақтағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды dw.com.
Номинация бойынша Беларусь оппозициясына жататын 10 адамнан тұратын топқа Беларусь Республикасы президенттігіне кандидат Светлана Тихановская, оның күйеуі, блогер Сергей Тихановский, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич, белсенділер Мария Колесникова, Вероника Цепкало және Ольга Ковалкова, "Весна" құқық қорғау орталығының төрағасы Алесь Беляцкий, Минск трактор зауыты ереуіл комитетінің мүшесі Сергей Дылевский, саясаткер және 2010 жылы Беларусь Республикасы президенттігіне кандидат болған Николай Статкевич және Nexta Telegram-каналының негізін қалаушы Степан Путило кірді.
1988 жылы Еуропалық парламент тағайындаған Андрей Сахаров сыйлығы "бүкіл әлемдегі адам құқықтары үшін күреске ерекше үлес қосқан" адамдарға беріледі.
Беларусь Республикасындағы наразылықтар сол кездегі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіске жеткен президент сайлауы қорытындысы шыққан 9 тамыздан бері жалғасып келеді.