Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Facebook коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпаратты өшіреді

11.02.2021 • 12:09

Facebook желісінің жаңа ережесіне сай коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпараттар өшіріледі. Егер жарияланған материалдар денсаулық сақтау органдарының ресми мәліметтеріне сай жазылмаса, модератор фейкті өшіреді. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап Factcheck.kz хабарлайды.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен жетекші медициналық ұйымдарымен ақылдасып, коронавирус пен вакцинаға қатысты жалған мәлімдемелердің тізімін дайындаймыз. Жалған ақпараттардың тізіміне коронавирусты қолдан жасалды, вакциналар тиімсіз, вакцинациядан гөрі ауырған дұрыс, вакциналар қауіпті, улы немесе аутизмді тудыруы мүмкін деген пікірлер кіреді", – делінген хабарламада. 

Әлеуметтік желі Денсаулық сақтау органдарының сайттарына сілтеме қойып, вакцинацияға қалай және қайда жазылуға болатындығы туралы ақпарат көрсетеді. Алдымен мұндай қызмет АҚШ-та іске қосылады. Мұндай функция кейін басқа елдерде де жұмыс жасайтын болады.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.