Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Фейк: АҚШ әскері Ауғанстанда күзетші иттерін қалдырып кеткен

23.09.2021 • 03:48

Фейк көбіне өткір мәселелер айналасында пайда болатынын байқаған шығарсың. Бұдан Ауғанстандағы жағдай да құр қалмады. Күнделікті ақпараттан хабарың болмаса да, Кабул әуежайынан түсірілген кадрларды көрген шығарсың. Онда адамдар елден кетуге үміттеніп, ұшақтың соңынан жүгіреді.

Бұл жағдайдың айналасында жалған ақпарат көп. Мысалы, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерилері иттерді тастап кеткені туралы.

Шындығында, АҚШ әскері иттерін тамыздың ортасынан бастап елден шығара бастады. Бұған фото мен видео және ресми мәлімдемелер дәлел.

NBC News-тың сыртқы істер жөніндегі бас корреспонденті Ричард Энгель сол кезде көптеген адам әскердің адамдарды емес, иттерді эвакуациялап жатқанына ашуланғанын айтты.

Фейкті Snopes фактчекерлері тексерді. Ол фотосуреттердегі иттер жануарларды құтқару жөніндегі Кабул қайырымдылық ұйымына (KSAR) тиесілі. Бұл иттер көбіне эвакуация кезінде жануарларын өзмен бірге ала алмаған ауғандықтарға, елшілік қызметкерлеріне және тәуелсіз қорғаныс мердігерлеріне тиесілі болған.

Әскери иттер мен олардың үйретушілеріне қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйым - Әскери қызметтегі иттерді қолдау қауымдастығы да бұл ақпаратты жоққа шығарып, Facebook-те былай деп жазды: «Біз Кабулда АҚШ-тың қараусыз қалған әскери иті жоқ екеніне 100% сенімдіміз. АҚШ әскері бір де бір итті қалдырмады».

Бұл - фейктің қалай жылдам тарап, вирусқа айналуының бір мысалы. Күшті эмоция тудыратын жаңалықтарға мұқият бол.

Дереккөздер:

  1. Snopes, 31.08.2021 мына сайттан алынды: https://www.snopes.com/fact-check/military-dogs-left-in-afghanistan/

Fakedetox, 09.09.2021  Instagram: https://www.instagram.com/p/CTdfzVlIVvE/?utm_medium=copy_link

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.