Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

"Мыстандар қаласы" карантинге жабылды

29.10.2020 • 15:38

"Мыстандар қаласы" ретінде танымал Салем қаласының әкімшілігі коронавирус пандемиясына байланысты биыл туристерге Хэллоуин мерекесін тойлауға келмеуді сұрайды, деп New Your Post сайтына сілтеме жасап The Village Kazakhstan  хабарлайды.

Салем қаласы дүниежүзіне "мыстандар қаласы" ретінде танымал. Онда XVII ғасырда адамдарды сиқыршылыққа күдікті болғаны үшін жаппай соттаған. Кейінірек үкім қате деп танылып, сотталғандар отбасына өтемақы төленді.

Қаланың барлық көрікті жері осы оқиғамен байланысты, Барлық Әулие күні мұнда фестивальдер ұйымдастырылып, туристерге оккульт ғылымы музейі көрсетіледі. Онда Хээоуинді тойлау үшін 50-60 мың турист барады.

Дегенмен биыл қала мэрі Ким Дрисколл туристерге барлық шараның болмайтыны туралы ескертті: «Биыл Хэллоуинге қатысты барлық шара болмайды. Музыкалық сахна, көше артистері, отшашу болмайды, жұрт жиналмайды деп үміттенеміз».

Осыған байланысты транспорт компаниясы Хэллоуин кезінде танымал болатын қаланы алып тастау үшін пойыздар графигін өзгертті.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.