Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Instagram енді тіл тигізу пікірлерін жасырады

08.10.2020 • 16:44

Өзінің 10 жылдық мерейтойын және Жәбірлеуді болдырмау ұлттық айының басталуын ескере отырып, Instagram жаңа функцияны ұсынды. Ол тіл тигізу болып көрінуі мүмкін пікірлерді автоматты түрде жасырады.

Хабарламалар қолданушылар ендігі жауап беріп қойғанға ұқсас арнайы сілтеме астында жасырылады. Алдыңғы қолданушылардың шағымдары негізінде оқытылған алгоритм қорлайтын пікірлерді есептейді, деп хабарлайды It’s My City.

"Зерттеу кезінде адамдардың жағымсыз пікірлерді көргісі келмейтінін, бірақ оларды жасыру механизмінің ашық болуын қалайтынын түсіндік. Оларды көргіңіз келсе, "жасырылған пікірлерді көрсету" сілтемесін басуыңызға болады", - делінген Instagram-ның ресми блогында.

Қолданушы проблемалық пікірді жіберуді сұрағанда, ол пікірдің мазмұны туралы ойлануды сұрайтын ескертуді көреді. Қолданушылар ережені бұзбақшы болса, оның аккаунты жұмыс істемей қалу қаупі бар, деп хабарлайды The Village Kazakhstan.

Бұл функция әзірше қосымшаның бірнеше тілдік нұсқасында ғана бар.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.