Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

«Геймерлер күні» байқауының қорытындысы

27.05.2022 • 08:26

Достар, біздің супер байқауымыз аяқталды! Жеңімпаздар тізімін жариялайтын уақыт жетті:

1. Annashar

2. Takizhu

3. By7even

4. HozhM

5. GenerousGreen

6. Yelman

7. Deitysss

8. Vika0902

9. Rizvan

10. Inn co

11. Elizbar

12. Батыр0279

13. Obelisce

14. Bibarysss

15. bananabread

16. Lesya Phoenix

17. Kaisar07u

18. Dim_m80

19. Ermek

20. Yungblud

21. Alia

22. Марина7207

23. Алмаз

24. Жанар.

25. рыбка фугу

26. Sauletai

27. Valya55

28. AbA1

29. Mausharban.

30. Paxmet


№ 1. Сен, кем дегенде, бір рет Minecraft ойнауға тырысқан шығарсың. Бастапқы деңгейде әр ойыншы екі жартыдан тұратын тура 10 жүрекше алады.Видеоойындардың шын жанкүйерлеріне құтты болсын айта отырып, қатысқандардың бәріне алғыс білдіреміз! Ал енді дұрыс жауаптарды назарыңызға ұсынайық:

№ 2.  Mortal Kombat – Эд Бун мен Джон Тобиас жасаған файтиң жанрындағы видеоойындар сериясы. Әзірлеушілер бастапқыда Жан-Клод Ван Дамның қатысуымен видеоойын жасамақшы болды, бірақ оның орнына Mortal Kombat 1992 жылы жасап шығарылды. Ал Саб-Зиро (Sub-Zero) деген кейіпкер қарсыластарын қатырып тастайды.

№ 3. КСРО Ғылым академиясы жанындағы Есептеу орталығының қызметкері Алексей Пажитнов өзіне және әріптестеріне арнап жазған қарапайым логикалық басқатырғыш аз уақытта дүниежүзіне танымал болып, тарихта әлемдегі ең көп сатылған ойын ретінде қалды. 1982 жылдан бері басқатырғыштың 40 миллионнан астам данасы сатылды.

№4. Dendy немесе «Де́нди» – ойын приставкалары сериясы, Nintendo жапон компаниясының үшінші буыны Famicom приставкасының бейресми аппараттық клоны. Dendy сериясын 1992 жылдың аяғынан бастап Steepler компаниясы шығарды. Тайваньда Қытай компоненттерінен Steepler тапсырысы бойынша құрастырылды және негізінен бұрынғы КСРО елдерінде сатылды.

№5. Көптеген ойында навигациялық пернелерден (көрсеткілер) басқа W-A-S-D ағылшынша орналасу пернелері қолданылады. Бұл сол қол әдетте оң жақтағы пернетақтада орналасқан көрсеткі пернелер блогына жетпейтін болғандықтан жасалды.

№6. Qlever платформасының өз тұмары бар, ол Смарти деген (ағылшын тілінде Smarty) кейіпкер. Ол – біздің кейбір ойынымызда ойыншыға тапсырмаларды орындауға көмектесетін мейірімді ит. Ойындардан басқа, Смартиді жаңалықтар блогынан және әлеуметтік желілерде, қолданба беттерінен көруге болады.

№7. Біздің платформадағы «Детектив» ойыны – «hidden objects» форматындағы классикалық ойын. Оны әлі ойнамаған болсаң, ойынға қазір кіріс. Айтпақшы, бұл ойын екінші, жетілдірілген нұсқада шығарылды. Саған ұнайтыны анық!

№8. Осы раннерге қарап отырып қалдың ба? Марионың қимылдары мен секіру ырғағын қайталаған шығарсың? Солай ма? Солай ғой! Бізде де солай болды :) Айтпақшы, бұл ойындағы ханшайым-келіншектің аты Peach (ағылш. Аударғанда Шабдалы). Бұл саған жаңалық болғанын мойындайсың ба? Біз тырыстық.

№9. Snake немесе Жылан – 1997 жылға дейін тек компьютерлерде болған компьютер ойын. Финдік әзірлеуші ​​Танели Арманто оны JAVA мобильді платформасына бейімдеді. Ойынды Nokia компаниясы алғашқы түймелі телефондардың бірі - Nokia 6110 маркасына шығарды.

№10. GTA ойындары сериясын жасаушылар ойын әлемін жасауға аса мұқият бола отырып кіріскен. Авторлар қиял фабрикасын назардан тыс қалдырмай, оны Вайнуд деп аталатын ойынға қосып қана қоймай, V-Rock ретінде интернетте әлі де бар онлайн радиостанция жасады.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.