Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Clubhouse-қа қосылып, қалай «құрыққа ілінбеуге» болады?

19.02.2021 • 07:05

Clubhouse жаңа әлеуметтік желісі ТМД мен Қазақстанда танымал бола бастады. Дегенмен жеке деректер қауіпсіздігі мен желідегі алаяқтар туралы ұмытпау керек.

Google-дің бұрынғы қызметкерлері 2020 жылдың сәуірінде Clubhouse деген әлеуметтік желі ашты, бірақ ол енді ғана танымал бола бастады, деп хабарлайды Liter.kz.

Clubhouse-та тек тыңдауға немесе сөйлеуге болады, яғни барлық байланыс аудио форматта өтеді. Clubhouse-ты бір немесе бірнеше спикердің сол уақыттағы интерактив подкасы деп атауға болады. Бағдарламада мәтін хабарламалар мүлдем жоқ -  досыңызға хабарлама не комментарий жазбайсыз.

«Клубқа» тек платформаның қолданушысы болып отырған достың шақыруы бойынша кіруге болатындықтан, қазақстандықтар OLX сервисі арқылы жаңа әлеуметтік желіге шақырулар сата бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бір шақыру бағасы мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін барады.

Бағдарламаны тек iOS қолданушылары жүктей алатынын айта кету керек. Android OS жүйесіндегі Clubhouse-қа клондар мен шақырулар пайда бола бастады, деп хабарлайды Риа Новости. Бұл арам ниеттілердің қызығушылығы артуының алғашқы белгісі және қулық әрекетінің басталуы. Арам ниеттілер қолданушылардың құрылғыларына қашықтан және рұқсатсыз кіру үшін танымал мобайл қолданбаларды клондайды. Мамандар жеке дерек алаяқтардың оңай олжасына айналмас үшін қосымшаны орнатпас бұрын қатерді мүмкіндігінше дұрыс бағалауға кеңес береді.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.