
Қазақстан ағылшын тілін білу деңгейі бойынша биыл 100 елдің ішінде 92-ші орында тұр
18.11.2020 • 18:46Қазақстан ағылшын тілін өте төмен деңгейде білетін елдер тізіміне енді.
Әлемнің әртүрлі еліндегі ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын English Proficiency Index жыл сайынғы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылап, 100-дің ішінде 92-ші орында тұр, деп хабарлайды Informburo.kz.
Зерттеу Қазақстанда ағылшын тілін білу деңгейі Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Қарағандыда және Көкшетауда жоғары екенін көрсетті. Ең төменгі көрсеткіштер Атырау, Тараз, Қостанай және Шымкент қалаларында. Сонымен бірге, Қазақстанда ер адамдар (индекс 44,04) әйелдерге қарағанда ағылшынша жақсырақ сөйлейді (43,71).
"Өте төмен" деңгей дегеніміз - елдің ересек тұрғындары өздері туралы (аты-жөні, жасы, елі) қарапайым әңгіме құра алады, қарапайым белгілерді түсінеді және шетелдік туриске қарапайым нұсқаулар бере алады деген сөз.
Рейтинг әлемдегі 2 миллионнан астам адамға EF (EF SET) стандарт ағылшын тілі ұсынылып, соның нәтижесіне негізделген. Халқы ағылшын тілін жетік білетін елдер тізіміне Нидерланды, Дания, Финляндия, Швеция, Норвегия, Австрия, Португалия, Германия, Бельгия, Сингапур, Люксембург, Оңтүстік Африка сияқты елдер кіреді.
Қазақстанмен бірге 24 елде, соның ішінде Ауғанстанда, Алжирде, Әзербайжанда, Тайландта, Қырғызстан және Тәжікстанда ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен екені байқалады.