Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстандық өнертапқыш оқушылар халықаралық IT-конкурста жеңімпаз атанды

20.08.2020 • 09:09

Қазақстандық екі отбасынан құралған команда бағдарламашылар мен жас кәсіпкерлердің халықаралық чемпионатындағы жасанды зерде қолданылған өнертабыстар байқауында есту қабілеті нашар жандарға арналған құрылғы үшін гран-при жеңіп алды. 

Кенбаева Арина мен Ысқақова Айдананың отбасылары Technovation халықаралық чемпионатында Help2Hear жобасын таныстырды. Жоба құлағының мүкісі бар жандар үшін ишарат тілін автоматты түрде аударады, деп хабарлайды The Steppe.

Бұл құрылғыдағы камера адам көрсететін ым-ишаратты жазып отырады. Ал жасанды зерде ишаратты танып, мәтін ретінде ұсынады. Жобаны Senior Technovation Families санатындағы Google, Nvidia, Adobe және Transcend инвестициялайтын болды. 

Technovation Families — бұл Technovation халықаралық байқауының бір санаты. Ол оқушылар мен ата-ананы, мектеп пен тәлімгерді бір командаға біріктіреді. Байқау кезеңдерінен өту кезінде командалар жасанды зердені қолданып, әлеуметтік жобалар жасайды. Конкурсқа қатысу арқылы 8-16 жастағы балалар мен ересектер машинамен оқыту әдістерін қолдануды үйренеді және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешу үшін өз жобаларын әзірлейді. Биыл бұл санатқа 13 мемлекеттен 250 команда қатысқан. 

Биылғы наурыз айында оқушылар Массачусетс технологиялық институтында өтуі тиіс болған әлемдік сайысқа жолдама алған еді. Алайда, пандемия салдарынан ақтық сайыс қашықтан ұйымдастырылған.  

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.