Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырды және қамауға алынды

16.09.2020 • 12:30

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде оқырмандарын дезинфекция жүргізетін қызметкерлерді ұрып-соғуға және «оны тарататын» тікұшақтарды автоматпен атуға шақыратын үндеу жариялаған соң полицияға жеткізілді. Бұл оның пандемия кезінде елдегі жағдай туралы жағымсыз пікір айтқан бірінші мәлімдемесі емес.

Policia.kz мәліметі бойынша, күресші 14 қыркүйек күні билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке немесе тәртіпсіздікке арандатуға, яғни азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Factcheck.kz.

Кейін Хамитов жаңа видео жариялады, онда спортшы «ешкімді ұрудың, ешкімді атудың қажеті жоқтығын» және өз сөздерінің «қалжың түрінде» айтылғанын түсіндірді.

Бұған дейін Қазақстандағы карантин кезінде Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында пандемия мен қазақстандықтардың денсаулығы туралы пікір білдірген еді. Мәселен, наурыз айында ол коронавирустың ойдан шығарылғаны туралы жазба қалдырды. Содан кейін «жоқ вирусқа» қарсы вакцинаның қажеттілігіне күмәнданатынын жазды. Сәуір айында Хамитов коронавирустың бар екеніне тағы да күмән келтіреді. Мамыр айында Хамитов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасына (шілдеде Президент қол қойған) әртүрлі пікір білдірді, дәлірек айтқанда ол жаппай вакцинация тақырыбын қозғады. 20 шілдеде ол Instagram-да «Денсаулық туралы» жаңа кодекс жөнінде үндеу жазды (донорлық органдарды алуға қатысты келісім презумпциясының қалуы және т.б.).  Толығырақ арнайы сілтеме арқылы оқуға болады. 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.