Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстан колледждері академиялық еркіндікке ие болды

13.01.2021 • 14:40

Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі білім туралы заңның жаңа нормалары бойынша, енді оқытудың ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына байланысты болады және студенттің жұмыс тәжірибесі ретінде есептеледі.

Қос форматта оқыту ұзақтығы студенттрге жұмыс тәжірибесі ретінде есепке алынады, өйткені дуалды оқыту туралы келісімшарт еңбек қызметін растайтын құжаттар қатарына қосылды. Бұл колледж түлектерінің жұмыс тәжірибесімен жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды Liter.kz.

Уәкілетті органның колледжде оқу мерзімін белгілеуі туралы ереже де алынып тасталды. Бұрын әртүрлі біліктілік бойынша оқу мерзімі орта есеппен 2-3 жыл 10 ай аралығында болса, енді бұл нақты білім беру бағдарламасына және оқытудың қажет нәтижесіне байланысты болады.

Заңнамалық деңгейде колледждер көптен бері көтеріп келе жатқан тағы бір мәселе шешілді: енді олар ақылы негізде қызмет көрсетіп, тауар сата алады.

Мемлекеттік тапсырыс алудың шарты ретінде колледждердің аккредиттеуіне қойылатын міндетті талап күші де жойылды: енді олар лицензиясы бар және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай болған жағдайда аккредиттеуден өтпей-ақ мемлекеттік тапсырысты жариялауға қатыса алады.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.