Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстандық каскадерлер тобы «Мулан» фильміндегі трюктерін «көрсетті»

09.09.2020 • 15:42

Қазақстандық каскадерлер өздерінің Instagram парақшасында диснейлік жаңа «Мулан» фильмінің эпизодтарын көрсетті.

Биыл 20 жылдық мерейтойын тойлайтын Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобы үшін «Мулан» фильмі айрықша болды. Жоба арқасында олар Disney-мен жұмыс істеген алғашқы қазақстандықтар болды, ал топ жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов – Голливудтағы ең ірі студиялардың біріндегі фильмде рөл алған алғашқы қазақстандық актер, деп хабарлайды Kazinform.

Өткен жылы қазақстандық каскадер, Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов өзінің Facebook парақшасында Disney студиясымен жұмыс істеу арманының орындалғаны туралы қуанышты хабармен бөліскен еді, деп жазды The Steppe. Күнғожинов биыл прокатқа шыққан  «Мулан» фильміндегі «қасқырлар» жасағының командирі рөлін алды. Бастапқыда Жайдарбек командаға каскадер және актерлер мен трюктерге аттарды әзірлейтін маман ретінде шақырылған еді, содан кейін оған рөл ұсынылды.

Кеше өздерінің Instagram парақшасында қазақстандық каскадерлер «Мулан» фильмінің түсірілімінде қолданылған трюктерді көрсетті.

«4 қыркүйекте Disney студиясы түсірген «Мулан» фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті. Біз осындай ауқымды жобаның бір бөлігі болғанымызды шексіз мақтан тұтамыз», - деп жазды каскадерлер өз жазбасында.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.