Білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынысы бойынша, сондай-ақ, қоғам пікірін ескере отырып, жаңа жылда білім беруді қайта ұйымдастыру ұсынылды.
Қазақстанда Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы кезінде үшінші тоқсанда қазақстандық мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім және ғылым министрлігі оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 9, 11 және 12-сынып түлектері үшін аралас білім беруді ұсынды: пәндердің 70%-і санитар-эпидемиология талаптарын сақтай отырып дәстүрлі форматта, 30%-і қашықтан және толықтырулар үшін сыныптан тыс сағаттарда мектеп оқушылары білім алмай қалмас үшін бес адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырады. Колледждер мен университеттер бірінші курс студенттері үшін екінші семестрден бастап қайтадан аралас оқыту ұсынылды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоратив кештеріне тыйым салу туралы шешім қабылданды.