Керемет жаңалық! Біз тағы да байқау жариялаймыз!
Нағыз жып-жылы көктем басталды! Ендеше, ауладағы, көшедегі және мектеп аумағындағы қоқыс пен кірге соғыс жариялайтын кез келді ⚔️?✨
2022 жылғы 5 сәуір мен 30 мамырға дейін Қазақстандағы QLEVER көшелер тазалығына арналған тағы бір байқау жариялайды! Бұл үшін не істеу керек?
- Қажет құрал-жабдықтар алыңыз: қолғап, маска, қоқыс дорбасы немесе зембіл. Тырма мен сыпырғыш тәртіптің озық қызметкерлеріне қажет ?
- Аулаңызға, подъезіңізге немесе көшеге шығып, айналаңыздағы кеңістікті тазалаңыз! Барлығы жапырақ немесе қар кілеміне оранып жатса, онда оларды жинап тастауға болады.
- Біреуден жұмысыңыздың нәтижесі фонында сізді суретке түсіруін сұраңыз.
- Осы фотоны/видеоны өзіңнің Instagram-аккаунтыңа #QleverkzЗаЧистоту хэштегімен жариялап, @qlever.kz аккаунтын белгілеңіз.
- Байқау уағында аккаунтыңызды ашыңыз, бұл жарияланымды көре алуымыз үшін керек.
Пост үлгісі: Уау! Менің тап-таза аулама қараңдаршы! Кім жарады?? #QleverkzЗаЧистоту @qlever.kz
2022 жылғы 31 мамырда байқаудың барлық қатысушысы QLEVER.ASIA платформасында 200 жұлдызшадан алады. Мұнымен әлі біткен жоқ!
Тазалау нәтижелерінің ең үздік фото/видео посты жүлдесі – көңілді жазғы кештерге арналған СЫМСЫЗ КОЛОНКА. ?
Жүлдені Қазақстан бойынша өз есебіңізден жеткізесіз.
Дәл қазір тазалауға қатысты мынадай кеңестер ұсынамыз:
- Қоқысты өртемеңіз, қордалаңыз. Түтін планетамызға зия, ал пластиктің кейбір түрінен шыққан түтін улы. ???
- Ағаштардың жапырағы құнарлы топыраққа айналады. Оларды өртемеңіз. Кедергі жасаса, жапырақты бір жерге үйіп, сол күй қалдырыңыз ??
- Қолғаппен тазалаңыз, қолыңызды сақтаңыз ?
- Маска сізді шаң-тозаңнан қорғайды ?
- Достармен бірге жұмыс істеу қашан да көңілді ?
Іске сәт!