Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

QLEVER-дің байқауы: Жастардың халықаралық ынтымақтастық күні

27.04.2022 • 06:03

24 сәуір – Жастардың халықаралық ынтымақтастық күніне орай ?? QLEVER-дің жаңа БАЙҚАУЫН бастаймыз!

Бастамашыл, белсенді және озық жастар көп жылдан бері өз құқығы мен міндетіне тікелей қатысты мәселелермен қоса, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесін де шешіп келе жатыр. Елімізде мұқтаж жандарға волонтерлік қызмет көрсету және қаражат жинау кеңінен таралып келеді.

Біз де ынтымағымыз бен күш-қуатымызды көрсетейік! ?

? БАСТЫ СЫЙЛЫҚ – Xiaomi фитнес браслеті.

Байқаудың басқа қатысушылары QLEVER.ASIA платформасында 200⭐ жұлдызшадан алады.

Байқауға қатысу үшін:

  1. гардеробыңызды ретке келтіру немесе жаңа киім, аяқкиім, азық-түлік, кеңсе тауарларын және басқа да пайдалы заттарды сатып алып, оларды сенен де мұқтаж адамдарға беру.

Мына жерлерге беруге болады:

  • тікелей мұқтаж отбасыларға
  • балалар үйіне
  • сәбилер үйіне
  • ана мен бала үйіне
  • қарттар үйіне
  • жануарларға арналған тәлімбаққа
  • немесе ірі сауда орталықтарындағы немесе Қазақстанның қалалары көшесіндегі арнайы жәшіктердің біріне заттарды салыңыз. Мысалы, «Тепло» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы жәшіктері, «Клуб добряков» жобасы, Caritas-тың Take back жобасы және тағы басқасы бар.
  1. 2022 жылғы 24 сәуір мен 30 мамыр аралығында Instagram-да қайырымдылық жасаған фото немесе видео/Reels жарияла. Фотоны insta story-ге салма, өйткені олар тез жоғалып, біз көре алмай қалуымыз мүмкін. Өзіңді және достарыңды қайырымдылық етіп беріп жатқан заттармен немесе арнайы жәшік жанында селфи жасап, суретке түсіруіңе болады;  
  2. @qlever_kz-ті белгілеп, #QLEVERKZконкурс хэштегін қойып, байқау кезінде парақшаңды ашық қалдыр.  

? Жеңімпаз 31 мамыр күні барлық шартты орындаған қатысушылар арасында кездейсоқ сан арқылы анықталады. Қазақстан бойынша өз қалтамыздан жеткіземіз.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.