Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

2022 жылғы наурызға арналған байқау

16.03.2022 • 06:11

Қымбатты достар!

QLEVER-дің наурыз айындағы байқауы туралы есіңізге саламыз. Бас жүлде - Xiaomi сымсыз құлаққаптары.

2022 жылғы 1 наурыз бен 28 наурыз аралығында өзіңіздің Instagram аккаунтыңызға мынаны жариялаңыз:

  • сіз үшін әйелдер мен ерлердің тең құқығы деген не, оның өміріңізде қалай көрініс тауып жатқаны немесе еліңізде немесе қалаңызда әйелдерге деген көзқарас жақсы немесе жаман жаққа қалай өзгеріп жатқаны жайлы қысқаша посты бар фото;

НЕМЕСЕ

  • гендер теңдігі тақырыбына қатысты TikTok немесе Reels форматындағы видео. Мәтінді, видеоның музыкасын, дыбысталуын өзіңіз таңдайсыз.

Біздің @qlever.kz парақшамызды белгілеңіз, #Qlever8марта  #Qleverконкурс #QleverEqualRights хэштегтерін қойыңыз, пост/видеоңызды көру үшін аккаунтыңыз ашық болсын.

2022 жылғы 31 наруызда жеңімпаздарды жариялап, ең үздік пост пен ең креатив видео авторларына сыйлығымызды жібереміз. Сыйлықтарды Қазақстан бойынша өз қалтамыздан жеткіземіз.

Іске сәт!

 

 

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.