Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда жаңа форматтағы жаңа оқу жылы

12.08.2020 • 16:14

Коронавирус пандемиясы елдегі халық өмірінің барлық салаларына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Білім беру саласы да шет қалған жоқ. 1 қыркүйектен бастап оқушылар… үйде қалып, қашықтан оқуды бастайды.

2020 жылы 5 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Негізгі талқылау тақырыбы – оқу жылының басталуы болды.

COVID-19 қарқынды қаупі жағдайында жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан оқыту форматында өтеді. Оқытудың дәстүрлі форматы тек шағын жинақты мектептерде және бастауыш мектептің «кезекші» сыныптарында сақталады, онда барлық санитарлық нормалар ескеріледі. 2020-2021 оқу жылында Қазақстанның 7391 мектебінде 3,3 млн-нан астам адам білім алады.    

Үкімет басшысы пандемия мен онлайн оқытудың сақталуын ескере отырып, оқушыларды онлайн режимде оқытудың барлық әдіснамасын толықтыруды, оқу жылының қашықтан басталуына оқушылар мен педагогтардың толық дайындығын қамтамасыз етуді, мұғалімдерді тиісті сабақ жүргізуді, интернет-платформалар мен теледидарда қажетті контентті толық көлемде әзірлеуді тапсырды. Оқулықтардың қағаз нұсқалары ашық түрде қолжетімді электрондық форматтармен бірге ұсынылады, деп хабарлайды Мой Город порталы.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтан оқытуда аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қолдау көрсетудің ерекше маңызды екенін атап өтті (Sputnik.kz). Осылайша, ҚР БҒМ «Атамекен» ҰКП және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірге «Мектепке жол» қоғамдық қозғалысы аясында «OQY’SHYNY QOLDA!» республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Олар бизнесті, еріктілерді және барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды әлеуметтік осал топтағы балаларға үйден толық білім алуы үшін техника сатып алуға шақырады. Компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Liter.kz.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.