Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны адамзаттың мәдени мұрасы ретінде танылды

20.12.2020 • 11:45

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне қазір қазақ мәдениетінің 11 элементі енген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, Материалдық емесмәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет тиіс өтінішті 14-19 желтоқсан аралығындаонлайн режимде өтетін 15-сессияда қарау нәтижелері бойынша мақұлдауға дауыс берді. Комитет 42 номинацияны қарастырды, оның ішінде тоғызқұмалақ ойынын Қазақстан, Қырғызстан және Түркиябірлесіп енгізді.

Бұрын оның құрамына домбырамен күй тарту өнері, киізүй құрастыру машығы, айтыс, қазақ күресіұлттық күресі, Наурыз мейрамын тойлау, жыртқыш құстармен аң аулау, жұқа катырма нан жасау, асықойнау, Қорқыт мұрасы және қазақ жылқы өсіру салт-жорасы кірген еді.

Тоғызұмалақ (Қырғызстанда - Тоғыз коргоол, Түркияда - мангала/гочюрме) - логика мен тапқырлыққаарналған үстел ойыны. Математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын ежелгі түркілерқасиетті санаған 9 санына негізделген. Оны көбінесе «шопан алгебрасы» деп атайды, өйткені ойынкезінде барлық төрт негізгі математикалық әрекет қолданылады. Ойын санау жылдамдығы ментактикаға негізделген.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.