Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Маңызды жаңалықтарды өткізіп алма! Пайдаланушы келісімін жаңартып жатырмыз.

14.04.2022 • 11:18

Платформадағы ойыншылар саны ендігі 91 000 адамнан асып жығылады! Күн сайын көбейіп келеміз! Qlever  платформасында ойын ойнап, бізбен бірге үйреніп жатқаныңа бек қуаныштымыз!

Біз әр ойыншының дүкенімізден сыйлық ұтуға мүмкіндігі болғанын қалаймыз.

Бұл әділетсіз ойын оқиғаларының көбеюіне байланысты қиындап жатыр ? Ережемен ойнайтындарды қорғау үшін Пайдаланушы  келісімін толықтырып жатырмыз (бұл – платформаға тіркелер кезіде сен келісетін құжат).

Жаңа ережелер бойынша, Qlever платформасында әр ойыншының бір ғана аккаунты болуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, біз жұлдыздарды бір аккаунттан екіншісіне беруге және оларды көбейтуге қарсымыз. Барлық жаңа ереже Пайдаланушы  келісімінің 5.9–5.11-тармақтарында жазылады және 2022 жылғы 22 сәуірден бастап күшіне енеді.

Платформадағы әділ ойынның негізгі ережелерін форумның «Адал жолмен ұпай жинау қиын ба?» бөлімінен таба аласың.

Барлық сұрағыңды бізге Кері байланыс бөлімі арқылы қоюыңа болады.

Адал емес ойыншыларды немесе Qlever-ге арналған арнайы топтарды/чаттарды білсең, бұл туралы сол Кері байланыс бөлімі арқылы бізге айтып бер. Qlever сайтында әділ ойынды қолдағаның үшін жұлдыз ⭐ сыйлап, алғысымызды білдіреміз. Анонимдікке кепілдік беріледі??

push-заголовок: Біз Пайдаланушы  келісімін жаңартып жатырмыз.

push-текст: Толығырақ «Жаңалықтар» бөлімінен оқы

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.