Жаңа ойын тақырыбы саған таныс болуы мүмкін - троллинг жәнн кибербуллинг. Осы ойын арқылы желідегі психикалық саулық пен ренжітушілер туралы сөйлескіміз келеді.
Сонымен, ұрсысу дегеннің не екенін бәріміз білеміз. Уақыт өте келе біз түрлі себеппен ұрсысамыз. Ұрыстың себебі әркімде әртүрлі болады. Біреулер ұрыстан кейін-ақ татуласып, кешірім сұрап немесе өз кінәсін мойындауы мүмкін. Басқа біреуі бірнеше күн, тіпті апталап ренжіп жүреді, соңында ренжіскен адамымен араласпай кетуі мүмкін. Енді біреуі ұрсысып қалған адамына немқұрайды болып кетіп, ендігі оған сенуі қиындайды. Ұзақ уақыт кек сақтап жүре беретіндер де бар. Дәл сол адам сенің артыңан бұзық істер жасай бастайды. Осындай оқиға таныс па?
Ең сорақысы, тіпті өмірде танымайтын адамдар да интернетте саған қатысты бұзық істермен айналыса бастайды. Біздің жаңа Хейтер.net ойынымыз осы туралы.
Ойында сен қиын жағдайға тап болған мультсериалдағы кейіпкердің өмірінен бір оқиғаны білесің. Желіде саған троллинг немесе буллинг жасай бастағанда өзін қалай ұстау керек екенін анықтауға көмектес!