Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Amazon алақанмен төлейтін жаңа технологияны таныстырды

02.10.2020 • 05:27

Компания дүкендерінде төлем жасау үшін сканерге алақанды қойса, жеткілікті.

Компания сайтында жаңа технологияның Amazon One деп аталатыны жазылған. Informburo.kz 29 қыркүйектен бастап технология Сиэтлдегі екі Amazon Go бөлшек сауда дүкенінде іске қосылатынын хабарлайды.

Қызметті пайдалану үшін құрылғыға несие картасын салып, сканерге алақаныңызды қояды. Бұл картаны "бірегей алақан қолымен" байланыстыру үшін керек. Тіркеуден кейін пайдаланушы компанияның дүкендерінде Amazon One құрылғысының үстінде алақанын бір секунд ұстап тұрып, төлем жасай алады.

Компания бұл жүйені стадиондарға немесе кеңселерге кіруге пайдалануға болатынын хабарлады. Компания құрылғыларды басқа дүкендерге енгізу туралы бірнеше әлеуетті сатып алушылармен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Компания пайдаланушы дерегінің қауіпсіздігі мен құпиялылығына байыпты қарайтынын баса айтты. Amazon One көптеген қауіпсіздік басқару элементімен қорғалған, ал алақан суреттері Amazon One құрылғысында сақталмайды. Суреттер шифрланып, бұлттағы арнайы жасалған қауіпсіз аймаққа жіберіледі.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.