Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Among Us ойыны қауіпті ме?

03.12.2020 • 10:09

Мессенджерлерде әйел адам (болжам бойынша мұғалім) ата-аналарды танымал Among Us онлайн-ойынының қауіпті екенін ескертіп, оны даулы «Синий кит» ойынымен салыстырған видео тарап жатыр.

«Ата-аналар, балаларыңыздың телефонында мынадай ойын бар-жоғын тексеріңіздер. Егер бар болса, сіздерден өтініп сұраймын, балаңызбен әңгімелесіңіз, дүйсенбі мен де сөйлесемін. «Көк кит» ойыны естеріңізде болар, бұл да сол секілді, балалар қандай да бір тапсырманы орындау керек. Дереу осы ойынды өшіріп тастаңыз, жалпы түрлі ойын бастыруға мүмкіндік беретін телефонды әпермегендеріңіз жөн.»

Ары қарай әйел мектептерінде болған оқиғаны баяндайды. Осы ойынның салдарынан оқушы тапсырманы орындаймын деп бір күн көшеде тығылып қалған, ал ата-анасы оны тәулік бойы іздеп, әуре сарсаңға түскен. Әйел осындай оқиға өзінің сыныбында да бола ма деп уайымдайды екен. Сол аралықта тағы бір аудиожазба тарап кетті. Онда бұл ойын балаларды өзіне қол жұмсауға әкеп соғуы мүмкін делінген. Whatsapp-тағы аудиожазбада әйел адам 34 мектептегі (қай жерде екені белгісіз) әлдебір қыз осы ойын салдарынан асылып қалғанын айтқан.

Тіпті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауал жолдап, ойынның қауіптілік деңгейін тексеруді сұрады. Оқырмандардың өтінішімен Factcheck.kz те мессенджерлердегі хабарламаны тексеріп, ойынның өзін сынақтан өткізіп көрді.

Factcheck.kz үкімі “фейк”: Шын мәнінде «Синий кит» пен Among Us арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Ойында расында тапсырма беріледі, бірақ тапсырма шынайы өмірде емес, ойынның өзінде орындалады. Ол жерде «көшеде тығылып қалу» немесе одан да сорақысы – «өзіңе қол жұмсау» сынды тапсырма жоқ.

ұл онлайн-ойын және ол жерде ортақ чат бар, сол арқылы ойыншылар шектелген уақыт аралығында бір-бірімен хат алмаса алады. Сондай-ақ дыбыстық хабарлама жіберу мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін Discord бағдарламасын пайдалану керек. Ойыншылармен сөйлесу – ойынның ажырамас бөлігі. Егер бала танымайтын адамдармен ойнаса чатта түрлі сөздер жазылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Соған қарамастан, зерттей келе біз осы ойын аясында дөрекі сөйлесу өзіне қол жұмсауға әкеп соғу мүмкіндігі төмен деп ойлаймыз. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Білім және ғылым министрлігінің сауалына ойында қандай да бір тәртіпке қайшы контенттің бар екені, оның ішінде ойыншылардың суицидке бейімділігі туралы қорытынды шығара алмайтынын айтты.

 

Photo: cubiq.ru

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.