Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Абайлаңыз, фейк!

09.03.2022 • 06:25

Кейінгі уақытта желіде көптеген сенімсіз ақпарат тарап жатыр. Ылғи хабардар болып, фейкке еріп кетпес үшін, жаңалықты мұқият зертте

 

⚠️Фейк тарататын аноним телеграм-каналдарға жазылма. Көптеген аноним телеграм-канал жарнамадан табыс табады. Ақпараттың кез келген аноним дереккөзі сенім туғызбайды. Ең дұрысы – ақпараттың бастапқы дереккөзін табу. 

 

⚠️Сенімді дереккөздерді пайдалан. 

Фейк жаңалықы тексеретін жобалар (ресми және тәуелсіз): 

StopFake.org 

Stopfake.kz

Factcheck.kz

Factcheck.kg

Factcheck.tj

AntiFake.uz

 

⚠️Қауесет пен сапасыз скриншоттарға СЕНБЕ. Барлық жаңалықты мұқият оқы. Түпнұсқа видео мен фотоға фейк комментарий тіркелуі мүмкін, ал жаңалық мәтіні тақырыпқа сай келмеуі мүмкін. 

 

⚠️ Желіде жазылғанның бәріне сенуге болмайтынын есте ұста. Кез келген ақпаратты тексеріп талдау қажет! Жаңалық датасын тексер, өйткені көбіне ескіні жаңа деп көрсетеді, оқиға орнын да өзгертуі мүмкін.  

 

Өз бетіңше фото мен видеоны қалай іздеп, тексеруге болатынын еске саламыз: 

 

Видео мен фотоға фактчекинг:https://tj.qlever.asia/interest/106

?Мәтінді тексеру: https://tj.qlever.asia/interest/101

?Фото мен видеоны тексеретін құралдар: Google Image Search, RevEye, Forensically, inVid, TinEye.

?Мынадай бөлшектерді зертте: көше атаулары, белгілер, көлік нөмірі, сол күнгі ауа райы – оқиғаға сай келмейтін кез келгені фейкті көрсетуі мүмкін. 

 

Біз жазғанымызға, лайк басып репост жасағанымызға жауаптымыз !

Сыни тұрғыдан ойлап медиасауатты бол!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.