Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

«Абайлаңыз, алаяқтар!» – ІІМ жиілеп кеткен онлайн-қылмыстар туралы

28.10.2020 • 14:57

Өмірдің барлық саласы онлайн режимге ауысып жатқанда онлайн-алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Қылмыстардың көп бөлігі трансшекаралық сипатта, деп хабарлайды Holanews.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Онлайн-брифинг кезінде Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков 3 жыл ішінде мұндай қылмыстардың саны екі есеге, яғни 4000-нан 8000-ға дейін артқанын айтты. 2020 жылы ішкі істер органы 1700 қылмыстың бетін ашты, 400-ге жуық адам ұсталды. Қылмыстардың көп бөлігі трансшекаралық сипатта - жәбірленуші бір аймақта, қылмыскер басқа аймақты, кейде әртүрлі елдерде.

Ол көптеген адам өздеріне келген шығынды мардымсыз көретіндіктен немесе өздерінің осындай алаяқтардың желісіне түсіп қалғанын білмейтіндіктен мұндайға көп мән бермейтінін айтып өтті. Ондай кезде алаяқтар оңай бейімделіп, әртүрлі құралды жетілдіреді.

Ең кең таралған схема - интернет сайттарға тауар сату немесе қызмет көрсету туралы жарнамаларды орналастыру. Алаяқтар арзан баға, қолжетімдік және алдын ала төлем арқылы қызықтырады.

Тағы бір схема - үшінші тұлғаның атына онлайн несие рәсімдеу. Ерлан Омарбековтің айтуынша, алаяқтар желідегі хабарландыру иелерімен байланысып, жеке дерегін жіберуді сұрайды да оларды несие алу үшін пайдаланады.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді, карта есепшотының реквизитін, кодтар мен код сөздерді айтпауға және тауарлар үшін алдын ала төлем жасамауға, күмәнді келісім жасамауға кеңес береді.

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.