
Мемлекеттік үлгідегі дипломдардың күшін жою және жеке кәсіпорындарда грант өтеудің жаңа мүмкіндігі
15.01.2021 • 13:19Білім министрлігі басшысы жоғары білім беру саласында қандай өзгерістер болатынын айтты.
Университеттер үшін білім жетістігін сырттай бағалау процедурасы жойылды. Бұл, ең әуелі, олардың академиялық дербестігін кеңейтуге және білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуіне байланысты, деп хабарлайды Liter.kz Facebook әлеуметтік желісіндегі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жазбасына сілтеме жасап.
Оған қоса, заң жеке типтегі дипломдардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, оларды тіркеу және беру ережесін анықтайды. Норматив маңыздылығы 2021 жылдан бастап әр ЖОО дербес брендке айналатын өзіндік типтегі диплом шығаратынына байланысты, ол үшін студенттер ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына байланысты өздерінің қаржысымен немесе грантымен «дауыс береді». Осылайша, мемлекеттік типтегі дипломдар болмайды. Жеке дизайндағы дипломдардың реттік нөмірі мен жалпы талабы болады, сонымен қатар, оларды беру туралы ақпарат Білім және ғылым министрлігі ақпарат жүйесінде сақталады.
Мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарына түскен студенттерді жұмыспен қамту шарттары да қайта қаралды. Енді түлектер бұрын талап етілгендей тек мемлекеттік емес, жеке ұйымдарда да жұмыс істей алады. Ең бастысы, олар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек. Міндетті қызметтен өтпеуге тырысатындармен жұмыс істеуге арналған норма да енгізілді.