Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстандағы Парламент сайлауы-2021: сайлаушылар нені білуі маңызды?

09.01.2021 • 07:53

Қазақстан Парламенті төменгі палатасы (Мәжіліс) депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. 16 жылда алғаш рет олар мерзімінен бұрын емес, конституциялық мерзімде – өкілеттік мерзім аяқталғанға дейін 2 ай бұрын өткізілейін деп жатыр, деп хабарлайды Cabar.asia.

Сонымен бірге, барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы қатар өтеді.

Сайлауға барлығы 5 саяси партия қатысады:

  • Nur Otan
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы
  • «Ауыл» халық-демократиялық партиясы
  • «Адал» партиясы
  • Қазақстанның халық партиясы

Осы сайлауда алғаш рет партия тізіміндегі әйелдер мен жастарға 30% квота бөлінеді. Бұл –партиялардан үміткерлердің кем дегенде үштен бірі әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар болуы керек деген сөз.

Барлық қазақстандыққа берілген сайлау және сайлану құқығы азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарының бірі екендігі сөзсіз. Бұл сайлаушыларға қазіргі басқару үдерісіне қатысуға және мемлекеттік органдардың қалыптасуына әсер етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан азаматтары тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауға 18 жасқа толғаннан кейін қатыса алады.

Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Әрбір қазақстандық сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және оның енгізілмеуіне, тізімге дұрыс енгізілмеуіне немесе тізімнен шығарылуына, сондай-ақ сайлаушы туралы бастапқы мәліметтердегі тізімдегі дәлсіздік пен қателерге шағымдануға құқылы.

Сайлауда дауыс беру құпия, сайлаушыны бақылаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Жасырын дауыс беру қағидасы сізден басқа ешкім сіздің жеке бюллетеніңіздің мазмұны туралы білуге ​​құқылы емес екенін білдіреді. Сондай-ақ, белгілі бір үміткерді таңдағанда ешкімнің сізге қысым көрсетуге құқы жоқ. 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.