Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда оқушыларға арналған медиа сауат бойынша алғашқы оқу құралы таныстырылды

10.12.2020 • 12:30

Медиа сауатқа арналған алғашқы қазақстандық оқулық жұмысы аяқталды. Оқулық бұған дейін мұғалімдердің тілегін ескере отырып және Білім және ғылым министрлігі талаптарына сай мақұлданып, жаңартылды, деп хабарлайды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.

Жаңа оқу құралы жасөспірімдерге интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлықты, сыни тұрғыдан ойлау мен формальды логиканы және негізгі фактчекинг пен киберқауіпсіздікті үйретеді.

«2019 жылы орыс тілінде мақұлдауға арналған басылым шығардық. Оқулық Қазақстанның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда медиа сауат бойынша электив курс бағдарламасы қабылданды. Біз оқытушылар мен студенттердің барлық тілегін ескердік, байыпты әдістемелік жұмыстар жүргіздік, мұғалімдерге арналған жаңа әдістемелік құрал әзірледік, материалдарды қазақ тіліне аударып, бейімдедік, сонымен қатар тапсырмалар мен оқу құралы дизайнын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі талаптарына сай жаңарттық. Осылайша, 2020 жылы екі тілде Қазақстан мектептерінде енгізуге дайын толық оқу-әдістемелік кешен шықты», – деп айтып өтті жоба менеджері Алёна Кошкина.

Оқу құралы авторлары – халықаралық медиа сарапшылар, өз елдерінде «Медиа және ақпараттық сауат» пәнін енгізуде табысты тәжірибесі бар журналистер: Factcheck.kz сайтының бас редакторы Павел Банников, Пермь мемлекеттік университеті профессоры Иван Печищев (Ресей), «БезБрехни.com» фактчекинг интернет-ресурсы негізін қалаушы Александр Гороховский (Украина), «Монитор» жобасы редакторы Таша Соколова (Ресей), Литва журналистер одағы төрағасы Дайнюс Радзяувичус, БАҚ-ты қолдау орталығы сарапшысы Айчурек Усупбаева (Қырғызстан).

Медиа сауат бойынша оқу құралы редакторлары – Factcheck.kz сайты журналисі Маргарита Бочарова және «Ұлан» республикалық балалар газеті бас редакторы Жұлдыз Әбділда.

Оқу құралы USAID қаржылық қолдауымен Internews  жүзеге асыратын «Орталық Азия MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. Қазіргі уақытта оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» орталығында сараптамадан өтіп жатыр.

Оқу құралы презентациясын мына сілтемені басып көруге болады: https://www.facebook.com/medianetkaz/videos/716125322632159
 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.