Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Алғашқы онлайн қоңырау: Қазақстандағы оқушылар 1 қыркүйекті қалай өткізді

01.09.2020 • 14:19

Күздің алғашқы күні және Білім күні. Қазақстандық мұғалімдер,  оқушылар және  олардың ата-аналары оқытудың жаңа форматымен қалай жұмыс істеп жатыр?

Бүгін Қазақстанда Білім күні аталып өтеді – бұл шара Кеңес заманында пайда болған. Ресми түрде білім күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1984 жылғы 15 маусымдағы «1 қыркүйекті бүкілхалықтық мереке – Білім күні деп жариялау туралы» Жарлығымен бекітілді. Отыз жыл бұрынғыдай, бүгінгі мереке де балалар мен ата-аналарын біріктіреді, деп хабарлады Sputnik.

Ел Президенті Twitter парақшасында оқушыларды мерекесімен құттықтады:

«Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталды. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін», - деп хабарлады Zonakz.

Президент пандемияның мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсер тигізгенін атап өтті.

«Бірақ бұл - уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырмасы берілді», - деп толықтырды Президент.

Көптеген мектептерде салтанатты жиындар онлайн режимде өтті. Алайда, бастауыш сыныптар үшін ата-аналардың алдын-ала өтінішімен 15 адамнан тұратын кезекші топтар құрылды және оларға «Алғашқы қоңырау» әдеттегідей соғылды.

Ертеңнен бастап алғашқы сабақтар басталады. Олардың көпшілігі онлайн-оқыту үшін құрылған жаңа қазақстандық Online Mektep платформасында өтеді. Алайда қазірдің өзінде мектеп оқушыларының ата-аналары жүйеден ақау тауып жатыр – тапсырма жауаптарында қателер бар және парақшалар өте баяу жүктелетін көрінеді. Ата-аналар жақын арада платформа жөнделеді деп үміттеніп отыр, деп хабарлады Tengrinews.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.