Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

ҚР БҒМ Қазақстан мектептерін дәстүрлі оқыту форматына көшіру ұсынысын қарастырып жатыр

10.09.2020 • 10:49

Ата-аналар мен мұғалімдердің шағымын кейін министрлікте оқуды қалыпты режимде жандандыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Оқу жылы басталарда үлкен дайындық жүргізілгеніне қарамастан, ата-аналар білім беру сапасы мен оқыту тиімділігінің күрт төмендегенін байқаған. Олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың атына онлайн оқытуды тоқтатуды сұрап, білім берудегі заманауи цифрлық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау үшін тәуелсіз ғылыми сараптама ұйымдастыруды ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірге, оқушылардың мектепке қашан оралатыны белгісіз, бірақ Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерді ашу немесе жабу мәселесін жергілікті атқарушы органдар өңірдегі эпиджағдайға қарай дербес шешуі тиіс деп санайды, деп хабарлайды Informburo.kz.

«Біз де қатты алаңдап отырмыз, мектептердің тезірек ашылғанын қалаймыз. Біз өз ұсыныстарымызды Денсаулық сақтау министрлігіне жібердік. Мектептерді қайта жандандыру форматының бірнеше нұсқасы бар. Оның ең қолайлы форматы елдің санитарлық дәрігері тиісті шешімдер қабылдаған соң ғана қарастырылады. Біз, әрине, осы бұйрықты басшылыққа аламыз», - деп түсіндірді ҚР БҒМ вице-министрі Шолпан Қаринова.

Вице-министр қазіргі уақытта қашықтан оқытудың мәжбүрлі шара екенін және барлық білім беру институттарының жұмысын қалыпты режимде жандандыру мәселесінің күн сайын талқыланатынын атап өтті.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.