Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстан Республикасында қоғамдық орындарға қауіпсіз баруға арналған Ashyq қосымшасы жасалды

05.02.2021 • 11:57

Енді кинотеатрларға, SPA-ға, фитнес-орталықтарға бару үшін арнайы QR кодын сканерлеп, кіреберісте ұсыну қажет.

ҚЦДИАӨМ, Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин шаралары кезеңінде (SPA орталықтары, фитнес-орталықтар, кинотеатрлар) қызметі шектелген бизнес өкілдері арасында жобаны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды inform.kz.

Сканерлеу кезінде қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл түстер жанатын қатер деңгейі көрсетіледі.

Қызыл түс қозғалыстың шектелуін, амбулатор бақылауында тұрған адамдар үшін үйде оқшауланудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары - қозғалыстың ішінара шектелуін білдіреді - пайдаланушы ПТР базасында вирус жұқтырған науқаспен байланысқан адам ретінде тіркелген: пациентке оқшаулану режимін сақтап жатқан үйінен 500 метрден аспайтын қашықтықтағы азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк - бұл мәртебе бойынша ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) жерлердегі қозғалысқа шектеу жоқ.

Жасыл түс мәртебесі қозғалысқа шектеу жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы деректер базасында COVID-19-дың теріс нәтижесімен ПТР тестілеуден өткен деп көрсетілген.

Осы мәртебелерді көрсету бизнеске қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Егер келушілерде смартфон болмаса, қосымшада ғимаратқа кіруді басқаратын, ЖСН арқылы келушінің мәртебесін немесе жеке куәлігіндегі штрих-кодты сканерлейтін қызметкерлерге арналған функция бар.

Бірінші кезең қазіргі уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүзеге асырылып жатыр, оған 55 нысан кіреді, соның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 22 QR, Алматыда - 24 QR, Өскеменде - 1 QR, Павлодарда - 1 QR, Қарағандыда - 7 QR.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.